Page 5 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 5

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.









                                      КІРІСПЕ

             Оқу-әдістемелік құрал (ОӘК) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
           оқушыларға математиканы оқып-үйрету бойынша дайын-
           далған Типтік оқу жоспары мен жаңартылған мазмұндағы оқу
           бағдарламасына сәйкес жазылған. ОӘК құрамына оқулық,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқулыққа арналған жұмыс дәптері мен ұсынылып отырған
           әдістемелік нұсқау кіреді.
             Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны төмендегі сұрақтар
           мен мәселелерді шешуге бағытталған:
             1) оқушыларға математикадан алған білім, білік, дағдысы
           тұрмыста, күнделікті өмірде дербес болуға, еңбекке қажет
           іс-әрекеттер мен қолжетімді мамандықты меңгеруге мүм-
           кіндік беру;
             2) таным әрекетінің жетіспеушілік тұсын жетілдіру, оқу-
           шылардың бойында дұрыс оң эмоционалдық, ерік-жігер мен
           жекетұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
             3) оқушылардың сөздік қорын арнайы математикалық
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           терминдер және сөз тіркестерімен байыту, өзінің іс-әре-
           кетін дұрыс түсіндіруге, есеп шығару жолын сөзбен толық
           жеткізуге, геометриялық сызбалар мен басқа да тәжірибе
           жұмыстарын орындауға үйрету;
             4) оқушылардың іс-әрекеті мен бейнелі, көрнекі ойлау
           қабілетін, ойлау амалдарын, яғни талдау, салыстыру, жал-
           пылау, топтау, жіктеу қабілеттерін дамыту;
             5) оқуға қызығушылығын арттыру, сыныптастары және
           ересек адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету.
             Оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  оқыту  құралдарының
           маңызы зор. Олардың қатарына оқулық пен жұмыс дәптері
           жатады.  Зерде  даму  бұзылыстары  бар  төменгі  сынып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10