Page 10 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оқушылар амалдарды, тапсырмаларды орындайды, ал
мұғалім оқушылардың іс-әрекет тәсілін меңгеруі үшін жағдай
жасайды.
Жағдаяттық тапсырмалар оқу үдерісінде ғана емес, сабақ-
тан тыс уақытта да қолданылуы мүмкін. Барлық жағдайда да
жағдаяттық тапсырмалар пәнаралық нәтижеге, яғни оқыту
пәнінен тыс оқыту нәтижелеріне және осы нәтижелерді өмір-
дің әртүрлі салаларында қолдануға қол жеткізуге бағытталған.
Мысал келтіре отырып, оқулықта берілген жағдаяттық
тапсырмалардың бірінің оқыту мәніне тоқталайық.
«Мектепке (үйге) жақын орналасқан дүкеннің ашылу және
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жабылу уақытын біл. Сағаттың циферблатын қолданып са-
тып алушылар үшін дүкеннің қанша уақыт жұмыс істейтінін
тап».
Тапсырманы жоғарыда көрсетілген ұйғарымға сүйеніп
орындайды:
1) жеке пәндік математикалық білімді қолдану: сағат
циферблатының құрылымы, сағат тілінің циферблат бойы-
мен қозғалу тәсілі, сағат тілінің орналасу жағдайына қарай
уақытты анықтау ережесі, есептеу тәсілі;
2) метапәндік дағдыларды меңгеру:
– мектепке (үйге) жақын жатқан жерлерді бағдарлау
қажеттігі;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– әлеуметтік қызмет көрсету орындарының бірінің жұмыс
уақытымен танысу;
– талап етіліп отырған, яғни, әдетте, дүкеннің кіре бе-
рісінде қағазға жазылып ілінетін ақпараттарды табу білігі.
Мұндай ақпарат есікте ілінбеген жағдайда (бұл пробле-
малық жағдай) дүкеннің сатушысынан ақпарат сұрау қа-
жет. Сатушыға қойылатын сұрақ грамматикаға сәйкес
құрастырылып, ересек адамға әдепке сай қойылу қажет.
Бұл басқа пәндерден алған білімді қажет етеді.
Осылайша жағдаяттық тапсырмалар оқытумен қатар
күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталады.
Оқушылар есейген сайын оларды жағдаяттық тапсыр-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
8