Page 12 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ
МАТЕМАТИКАҒА ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы әдістемелік нұсқаулар
Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға математи-
каны оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын жалпы
талаптар арнайы педагогика принциптеріне негізделеді.
Бұл принциптерді орындау оқыту үдерісін оқушылардың
мүмкіндігіне қарай бейімдеуге септігін тигізеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Іс-әрекетке негізделген жұмыс мұғалімнің бақылауымен
оқушылардың сабақтағы заттық-практикалық әрекетін
ұйымдастыруды көздейді. Бұл:
1) оқу материалын ұғынуға қажет жағдай туғызады;
2) арифметикалық амалдардың мағынасын, математи-
калық қатынастарды нақтылайды;
3) жоғары психикалық қызметтердің (сезім, тіл, ойлау)
сенсомотор негізінде дамуына ықпал етеді;
4) оқушылардың күнделікті өмір тәжірибесіндегі кем
тұстарын толықтырады.
Оқушыларға ұжымдық оқыту жағдайында жеке-дара,
саралап білім беру олардың оқу материалын меңгеру бары-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сында айқындалатын әртүрлі ерекшеліктерінен туындайды
және меңгерілетін білім, білік, дағдының сапасына әсер
етеді.
Арнайы мектептер мен зерде даму бұзылыстары бар
балаларға арналған сыныптарда оқыту үдерісі В. В. Во-
ронкова бойынша 4 типтік топ енетін педагогикалық жіктелу
негізінде ұйымдастырылады. Бірінші топқа фронтальды
(жалпы) оқыту барысында бағдарламалық материалды
неғұрлым табысты меңгерген оқушылар жатады. Олар
өздігінен жұмыс істеуге қабілетті. Тапсырма өзгертілген
жағдайда оларды қиындықсыз орындайды. Жаңа тапсыр-
маны орындағанда өз тәжірибесін дұрыс қолданады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10