Page 16 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 16

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           алмайтын оқушылар кездеседі. Демек, ондай оқушыларға
           жоғарыда сипатталған бірінші нұсқаны пайдаланған дұрыс;
              3) тіл мен іс-әрекетті байланыстырудың ең қиын тұсы –
           оқушының тапсырманы (есеп шығару, сызба сызу) қалай
           орындау керегін алдын ала түсіндіріп, сосын оны орындауы.
           Бұл тәсіл жоспарлап ойлау қызметінің және тілдік деңгейдің
           жақсы  дамуына,  математикалық  терминдерді  меңгеруді
           дамытуға негізделген. Сынып оқушыларының бәрі бірдей
           осы тіл мен іс-әрекеттің байланысын қолдана алмайды.
           Мұғалім оқушыға осындай тапсырма беретін кезде оның
           жеке қабілеттерін ескереді.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              4.  Жаңа  материалды  оқып-үйренуді  жеңілдету  үшін
           педагогикалық «оза (оздыра) оқыту» тәсіліне жүгінеміз. Бұл
           оқушыларды неғұрлым күрделі материалдарды меңгеру
           мен қабылдауға біртіндеп дайындайды. Мұндай жұмысты
           мұғалім оқушыларды жаңа материалмен тікелей таныстыр-
           мастан бір-екі ай бұрын бастайды. Дайындық жұмысына
           жаңа тақырыпты түсініп ұғыну мен қабылдауға біртіндеп
           жеткізетін тапсырмалар мен жаттығулар кіреді. Дайындық
           жаттығулары арқылы қалыптасқан дағдылар жаңа ұғымның
           құрамына кіреді. «Оза оқыту» педагогикалық стратегиясы
           математика курсының кейбір тақырыптарында ескеріліп,
           бағдарламаға енгізілген. Мысалы, күрделі тақырыптардың
           бірі  –  «Кесте  түрінде  көбейту  және  бөлу».  Жалпы  саны
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           бірдей  нәрселерді  санау,  өзара  тең  сандар,  бірдей
           қосылғыштарды қосуға мысалдар құрастыру, ол мысал-
           дарды оқу тәрізді жұмыстар ертерек, яғни көбейту амалын
           бірдей қосылғыштарды қосу ретінде қарастырғанға дейін
           басталады.
              5. Өтілген материалдарды тұрақты қайталап, бекітіп оты-
           ру қажет. Себебі ақыл-ойы кем оқушыларға тән ерекшелік –
           олардың алған білім мен дағдыны тез ұмытып қалатынында.
           Математиканың әр сабағында қайталауға уақыт беріледі.
           Қайталау ретінде қандай материал таңдайтынын мұғалім өзі
           шешеді. Мұғалім қайталау материалдарын сынып оқушы-

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21