Page 19 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 19
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Нумерация мен арифметикалық амалдарды тығыз байла-
ныстыра отырып математиканың қалған бөлімдерінің матери-
алдары оқытылады. Олар: «Шамалар» (құн, ұзындық, уақыт,
сыйымдылық және олардың өлшем бірліктері), «Көрнекі гео-
метрия элементтері»; «Арифметикалық есептер». Аталған
бөлімнің оқу материалдары негізгі бөлімнің материалдары-
мен кіріктіріледі (интеграция). Бұл кіріктіру жұмысы алдын ала
ойластырылып жоспарланатындықтан, оны жүзеге асыру оқу
жоспарлау кезінде ғана мүмкін болады.
Мұғалім ұзақ мерзімді күнтізбелік-тақырыптық жоспар
және оған сәйкес әр сабақтың жоспарын құратын дәстүрлі
special.edu.kz. special.edu.kz.
тәсілден жобалаудың айырмашылығы мынада: жобалау
негізгі болып табылмайтын кіріктірілген оқу материалы
енетін оқушы мен мұғалімнің бірге жасайтын іс-әрекетін,
жұмысын және оқушылардың даму ерекшелігіне байла-
нысты кедергілерді жеңуге бағытталған пәнаралық байла-
нысты, басқа да әдістемелік және ұйымдастыру сұрақтарын
қамтиды.
Осылайша жобалау технологиясы оқыту үдерісін ұйым-
дастыруға жүйелі көзқарас болып табылады. 2-қосымшада
мұғалімге «Нумерация», «Арифметикалық амалдар»,
«Шамалар», «Арифметикалық есептер», «Көрнекі геоме-
трия» бөлімдері бойынша әр бөлімнің жұмыс жүйесін аша-
special.edu.kz. special.edu.kz.
тын технологиялық карта ұсынылған. Олардың мазмұны
негізінде жеке тақырыптар бойынша қысқамерзімді жоспар-
лау жасалады.
«Нумерация», «Арифметикалық амалдар», «Шама-
лар», «Аримфетикалық есептер», «Көрнекі геометрия»
бөлімдері бойынша берілген технологиялық карталардағы
мағлұматтарды басшылыққа алып, мұғалім сынып оқу-
шыларының құрамына қарай оқу тақырыптарының техно-
логиялық картасы мен нақты сабақтың жоспарын жасайды.
3-қосымшада күнтізбелік жоспарға сәйкес «2 санына көбейту
кестесі» тақырыбы бойынша технологиялық картаның үлгісі
special.edu.kz. special.edu.kz.
17