Page 20 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 20
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
және берілген тақырып бойынша ақпараттық карталар се-
риясы ұсынылған.
Тақырыптың технологиялық картасында оқу материалының
үш деңгейінің меңгерілуіне сәйкес оқу мақсаттары (күтілетін
нәтиже) тұжырымдалған. Мұнда мұғалім сыныпта жоғары
деңгейдегі мақсаттарға қол жеткізбейтін оқушылардың
бар екенін есте ұстауы керек. Зерде даму бұзылыстары
бар оқушыларға мүмкіндігіне қарай орындай алатын
деңгей ұсынылады, яғни сабақта төрт типтік топ бойын-
ша оқушыларға саралап білім беруді ойластыру және
ұйымдастыру қажет. Саралап оқыту үлгісі 3-қосымшадағы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сабақтардың ақпараттық картасында көрсетілген.
Зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың оқу мате-
риалын меңгерудегі жеке ерекшеліктерін ескермей жетістік-
ке жету мүмкін емес. Жеке-дара оқыту саралап оқытуды
толықтырады және оқыту мониторингі (педагогикалық
бақылау) негізінде жүзеге асады. Мониторингтің бастапқы
негізі оқу мақсаты болып табылады. Мониторинг – мақсатқа
жетуді бағалау.
Мониторинг әр оқушының жоғары деңгейдегі оқу мақсат-
тарына қол жеткізуі үшін кері байланыс орнатуға және оның
негізінде оқыту пәні бойынша оқу үдерісін қайта қарауға
(оқыту қарқынын, әдіс-тәсілдерді өзгертуге) мүмкіндік береді.
Әр тақырыпқа қойылған мақсаттың деңгейіне байланысты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мониторинг (педагогикалық бақылау) жүргізу үшін мұғалім
бақылау тапсырмаларын дайындайды. Бақылау тапсыр-
маларына тақырып шеңберінде меңгерілген оқу материал-
дары енеді, яғни өтілген материалды меңгеру дәрежесі
тексеріледі. 3-қосымшада «2 санына көбейту кестесі» бо-
йынша бақылау тапсырмаларына мысалдар ұсынылған.
Оқу жоспарының тақырыбына сәйкес жұмыс толық
біткен соң нәтижеге жету дәрежесін бақылау үшін бір сағат
бөлінеді. Бақылау тапсырмасының орындалу нәтижесінен
бөлек мұғалім оқушының күнделікті сабақтағы жұмысына
бақылау жасап, оқу материалының меңгерілуі жайлы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
18