Page 25 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 25
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Азайтуды есептеуді де көрнекі етіп көрсетуге болады.
Бұл жағдайда жоғарыда айтылған практикалық іс-әрекет
кері тәртіппен орындалады. Алдымен 10 саны шығу үшін
екітаңбалы саннан жеке бірліктер азайтылады, содан кейін
10-нан азайтқыштың қалған бірліктері азайтылады.
special.edu.kz. 1-сурет
special.edu.kz.
Қосу мен азайту жағдайлары оқушыларға сабақ үстінде
есептеу тәсілін меңгеруге көмектесетіндей белгілі бір
қисынмен беру керек. Мысалы, алдымен 9 санымен орын-
далатын қосудың барлық түрлері қарастырылады (9+2,
9+3, 9+4, 9+5, 9+6, 9+7, 9+8, 9+9). Мұнда екінші қосылғыш
екі санға жіктеледі, олардың бірі 1 санына тең. Бұл есеп-
теу тәсілінің күрделі алгоритмін жеңілдететін біртаңбалы
сандар құрамын жіктеудің ең жеңіл түрі. Азайтуды үйретуді
11 санынан азайтудың барлық нұсқаларын қарастырудан
бастауға болады 11 (11 – 2, 11 – 3, 11 – 4, 11 – 5, 11 – 6,
special.edu.kz. special.edu.kz.
11 – 7 ,11 – 8, 11 – 9). Мұнда азайғыштан алдымен 1 саны
азайтылады. Бұл – азайту тәсілін есептеуді жеңілдететін ең
қарапайым нұсқа.
Қосу мен азайтудың барлық мүмкін жағдайлары қарас-
тырылған соң, осы екі арифметикалық амал қатар қойылып
салыстырылады. Оқушыларды қосу амалына берілген
мысалға кері азайтуға есеп және керісінше азайту амалы-
на берілген мысалға кері қосуға есеп құрастыруға үйрету
керек. Бұл білім қосу мен азайтудың өзара кері сипатын
қолданып азайтуға берілген мысалдарды ондықпен аттап
қосу кестесінің көмегімен орындауға мүмкіндік береді.
special.edu.kz. special.edu.kz.
23