Page 27 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 27
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
бірнеше сабақта оқушыларға көбейту бірдей қосылғыштарды
қосу түрінде беріледі. Қосуды көбейтуге алмастырудың
қажеттілігі көрсетіледі, оқушылар көбейту белгісімен
және оны мысалдарда қалай жазу керегімен танысты-
рылады. Оқушылар қосуды көбейтумен және керісінше
көбейтуді қосумен алмастырудың тапсырмаларын орын-
дап жаттығады. Жұмыста міндетті түрде көрнекі құрал
қолданылады. Оқушыларды бірте-бірте «көбейту –
бірдей сандарды қосу» деген қорытындыға әкелу қажет.
Жұмыстың қорытынды кезеңінде оқушыларға мынадай
тапсырмалар берген жөн: «мүмкін болса, қосуды көбейтуге
special.edu.kz. special.edu.kz.
алмастырыңдар: 2 + 2 + 2 + 2 =, 3 + 3 + 3 + 4=, 4 + 4 + 4 + 4=.
Қай мысалда қосуды көбейтумен алмастыруға болмайды?»
Мұндай тапсырмаларды бақылау-диагностикалық тапсырма
ретінде қолдануға болады.
Оқушылар көбейту жайлы түсінік алған соң көбейтуге
берілген мысалдарды жазу, оқумен танысқан соң 2
санының көбейту кестесін оқып-үйренуге көшуге болады.
Көбейту кестесі жасалғанда бірінші көбейткіш тұрақты
қалады. Сондықтан сабақтың тақырыбы «2 санына көбейту
кестесі (3, 4, 5 санына т.с.с.)» деп аталады. Бір сабақта
көбейту кестесінің біреуі құрастырылып жатталады. Кесте
оқушылармен бірге құрастырылады. Мұнда бірдей сандар-
мен топталған бұйымдарды қосу дағдысына сүйену керек,
special.edu.kz. special.edu.kz.
содан кейін қосу көбейтумен алмастырылады. Үш сағат
ішінде 2 санына көбейту кестесі толық құрастырылған соң,
кестенің құрылымын оқушылармен бірге қарастыру қажет.
Бұл білім кестені дұрыс түсініп, қажет жағдайларды есте
сақтауға көмектеседі. Кестенің құрылымын қарау үшін
мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды:
– Кестенің барлық жолдарында бірінші қай сан тұр?
– 2 санына көбейтілетін сандарды ғана оқыңдар.
– Бұл сандар қалай өзгереді? (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10).
– Кестедегі барлық көбейтуді оқыңдар. Не байқадыңдар?
(2-ден 20-ға дейін екеуден алынған).
special.edu.kz. special.edu.kz.
25