Page 33 - МетодикаМАТЕМАТИКА 3-сынып
P. 33

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             – есептің заттық-әрекеттік мазмұны (заттардың атауы,
           белгілері, іс-әрекет);
             – математикалық шамалар, өлшем бірліктері, шамалар
           арасындағы тәуелділік пен қатынастар (үлкен, кіші), тең
           бөлу, литр, сантиметр т.б.
             –  нақты  жағдайлар,  іс-әрекеттер,  іс-әрекеттердің  реті
           және  т.б.  (болды,  болған,  жұмсалды,  қалды,  бір,  басқа,
           әрқайсысы, екеуінде, барлығы, бірге, бірнешеу т.б.).
             Математика сабағындағы бірінші топтың сөздері есепті
           талдаудың алдында суреттер арқылы түсіндіріледі және
           нақты  есептерді  шығарғанда  талданады.  Осы  мақсатта
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқулықта кейбір есептерге суреттер берілген. Ол сурет-
           терде күнделікті өмірде сирек кездесетін заттардың атауы
           жазылған.
             Екінші топтың сөздері мен сөз тіркестері математика саба-
           ғында талданады, себебі олар математикалық мағынадағы
           ұғымдардан тұрады және белгілі бір түрдегі есептермен
           байланысты. Оқушылар мұндай сөздермен мәтінде кездес-
           кенге дейін танысуы тиіс.
              Үшінші топтың сөздері әртүрлі есептердің мәтіндерінде
           кездеседі. Олар сандық тәуелділіктің сипатына әсер ететін
           шынайы құбылыстарды көрсетеді, сондықтан математика
           сабақтарында мақсатты түрде жетілдірілу қажет.
             Үшінші сыныпта қайтадан енгізілетін мәтіндік есептер
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           балалардың заттармен орындалатын практикалық жұмысы,
           өмірдегі жағдайлардың негізінде құрылатын есептермен
           жалғасын табуы тиіс. Есеп құрастыру бойынша жаттығулар
           оқушыларға арифметикалық есептерде шынайы өмірдегі
           жағдайлар нақты заттардың санымен сипатталатынын және
           олардың белгілі бір математикалық тәуелділікті құрайтынын
           түсінуге көмектесуі тиіс. Сондықтан драматизацияланған
           есептер мен суретті есептер алдымен ашық, сосын жабық
           нәтижемен шешіледі. Бұл тәсілдерде таңдау процедура-
           сы мен мына сұрақтарға жауап алу үшін арифметикалық
           амалдарды жазу жұмысы жетілдіріледі: «Барлығы қанша...»,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          31
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38