Page 34 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 34

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            Оқу-практикалық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мәдениеті.  Сөйлеу
            этикетінің ережелерін, бақылау, тәжірибе, эксперимент жүргізу кезінде
            қауіпсіздік техникасы мен мінез-құлық ережелерін білу және сақтау,
            өзінің жұмыс орнын ұйымдастыру (қажетті оқу құралдарын, бақылау
            парақтарын дайындау). Сабақтағы, экскурсиядағы, қоғамдық орындар-
            дағы тәртіп мәдениеті. Қазақстанның мәдени мұрасына ұқыптылықпен
            және құрметпен қарау.

            Пәнаралық, пәнішілік байланыс. Меңгерілген білімі және біліктерін сөй-
            леуді дамыту және оқу, қазақ тілі, еңбекке баулу, тәртіп мәдениеті, сурет
            салу, денешынықтыру сабақтарында, отбасында және тұрмыста қолдану.
            Құрал-жабдықтар. Оқулық, жұмыс дәптері, практикалық жұмыстарға
            арналған жабдықтар мен материалдар, альбомдар, фотоальбомдар,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            журналдар, бүктемелер, мультимедиялық интернет-ресурстар (транс-
            ляциялар, таныстырылмдар, слайдтар, демонстрациялар), балаларға
            арналған көркем және танымдық әдебиет.


                       «Тағам және сусын» тақырыбының



             Сағаттар саны    технологиялық картасы
            Ортақ тақырып: Тағам және сусын.
            Оқу мақсаттары деңгейлік мақсатты тұжырымдауға сәйкес (2-қосымша).
            Практикалық іс-әрекет. Оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс
            жасау. Қазақ халқының ұлттық тағамын дайындау (ересек адамның
            көмегімен немесе бақылауымен). Көкөністер мен жемістерден қара-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            пайым тағамдарды  дайындау (ересек адамның көмегімен), мәселелік
            және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды шешу. Жемістер мен кө-
            көністерді қолданған кезде гигиеналық ережелерді (дұрыс жуа білу,
            бұзылған көкөністер мен жемістерді жеуге болмайтынын түсіну) сақтау.

            Сөйлеу-коммуникативті іс-әрекет. Сөйлеу тілінде жемістер мен
            көкөністерді, қауын мен қарбызды белгілейтін сөздерді қолдану. Қазақ
            халқының ұлттық  тағамдарын атау. Тақырып бойынша сұрақтарға оқу
            мәтінінде оқылған сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып жауап беру.
            Себеп-салдарлық байланысты білдіретін сөйлемдерді пайдалана оты-
            рып диалогтерге, әңгімеге қатысу. Жоспар, суреттер топтамасы, тірек
            сөздер, сызба, жеке тәжірибесі бойынша қысқаша әңгіме құрастыру.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           32
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39