Page 32 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 32
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу-практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мәдениеті. Сыныпта
және мектеп жанындағы жер телімінде бақылау, тәжірибелер және
практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық
талаптар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін білу және сақтау. Тә-
жірибе, практикалық жұмыс жүргізу үшін жабдықтарды орналастыра
білу, қажет болған жағдайда жазба және суреттеме жүргізу, тәжірибе,
практикалық жұмыс нәтижелерін жазып отыру. Тиянақты жұмыс істеу,
құрал-жабдықтарды, құрал-саймандары ұқыптап ұстау.
Пәнаралық, пәнішілік байланыс. Меңгерген білімі мен біліктерін
математика (топтастыру, салыстыру, сенсорлық эталондар бойынша
бөлу), қазақ тілі, еңбекке баулу, сурет салу, тәртіп мәдениеті сабақта-
рында, жер телімінде, сабақта практикалық жұмыстар жүргізу кезінде,
special.edu.kz. special.edu.kz.
тұрмыста қолдану.
Құрал-жабдықтар. Оқулық, жұмыс дәптері, дидактикалық және
иллюстрациялық материалдар, фото-, бейне-, киноматериалдар, та-
ныстырылымдар, тәжірбиелерді, практикалық жұмыстарды жүргізуге
арналған жабдықтар, жаднамалар, сызбалар, плакаттар, ашық хаттар
жинағы, альбомдар, мультимедиялық интернет қоры.
«Салт-дәстүр. Мерекелер» тақырыбының
технологиялық картасы
Сағаттар саны 6
Негізгі тақырыптар: Салт-дәстүр. Мерекелер.
Оқу мақсаттары деңгейлік мақсатты тұжырымдауға сәйкес (2-қосымша).
special.edu.kz. special.edu.kz.
Практикалық іс-әрекет. Оқулықпен және жұмыс дәптерінде жұмыс
істеу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
кезінде өзін ұстау ережелерін сақтау. Әлем картасын қарау және
Қазақстан Республикасы мен оның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласын
көрсету. Туған қаласына (ауылына) экскурсия, ересек адамның бас-
шылығымен «Менің туған қалам (ауылым)» фото-, бейнетүсірілімге
қатысу және фотоальбомды безендіру. Фильмдерді, таныстырылым-
дарды, слайд-шоуларды көру. Балалар мен ересектерге арналған қазақ
ұлттық кәстөмдерді мұқият қарау, киім элементтерін (бөлшектерін)
салыстыру. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің элементтерін жасау, ұлттық киім-
дер мен баскиімдердің силуэттерін ою-өрнекпен безендіру. Сыныпты,
мектеп көрмелерін безендіру үшін ұсақ-түйек бұйымдарды, атрибут-
тарды жасау, мерекелік және салтанатты іс-шараларда өнер көрсету.
special.edu.kz. special.edu.kz.
30