Page 28 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 28

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            Оқу-практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мәдениеті. Шеберха-
            наларға, кітапханаларға бару кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін білу
            және сақтау. Сабаққа қажетті оқу құралдары мен заттарын дайындау.
            Сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, сөйлеу этикеті ережелерін
            қолдану.

            Пәнаралық, пәнішілік байланыс. Меңгерген білімдері мен білікте-
            рін қазақ тілі, оқу және сөйлеуді дамыту, еңбекке баулу, тәртіп мәде-
            ниеті сабақтарында, жер телімінде, сабақта сарамандық жұмыс жасау
            кезінде, тұрмыста қолдану.
            Құрал-жабдықтар. Оқулық, жұмыс дәптері, жеке тапсырмалары бар
            карточкалар, дидактикалық және көрнекі материалдар, сарамандық
            жұмыстарды, тәжірибелерді жүргізуге арналған жабдықтар.
 special.edu.kz.              технологиялық картасы
                                           special.edu.kz.
               «Менің отбасым және достарым» тақырыбының



             Сабақтар саны:
            Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым.
            Оқу мақсаттары деңгейлік мақсатты тұжырымдауға сәйкес (2-қосымша).
            Практикалық қызметі. Оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс
            жасау. Отбасы мүшелерінің міндеттерін білу. Отбасы демалысының
            жоспарын құру. Өзінің достары мен сыныптастарын аттары бойынша
            атай білу. Жиһаз заттарын (үстел, орындық, шкаф, диван, кереует,
            кресло) білу және атау. Ешкі мен қойды, тауық пен үйректі  ажырата
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            білу.  Жағдаяттық және  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды шешу.
            Сөздік жұмбақтарды, ойындар мен жаттығуларды, графикалық жат-
            тығуларды, зейінге, жіктеуге, топтастыруға  берілген жаттығуларды
            шешу.

            Сөйлеу-коммуникативтік қызмет. Сұрақтарға жауап беру, диалог-
            ке, әңгімеге қатысу. «Достарыммен қатынасамын» рубрикасындағы
            әлеуметтік бағыттылықты дамытуға, отбасы мен достары туралы
            айтылатын сөйлемдерді  құрастыруға  берілген тапсырмалар.
            Ұсынылған жоспар, суреттер топтамасы бойынша қысқаша әңгімелер
            құрастыру, қысқа тақпақтар, санамақтар, физминуткаларды, мақалдар
            мен мәтелдерді жаттау. «Сөздерді аяқта»,  «Сөйлемді аяқта», «Ойлан
            және жауап бер» ойын жаттығулары.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           26
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33