Page 27 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 27
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Пәнаралық, пәнішілік байланыс. Меңгерген білімдері мен біліктерін
қазақ тілі, математика, еңбекке баулу, тәртіп мәдениеті сабақтарында,
сабақта жер телімінде сарамандық жұмыс жасау кезінде, тұрмыста
қолдану.
Құрал-жабдықтар. Оқулық, жұмыс дәптері, жеке тапсырмалары бар
карточкалар, дидактикалық және көрнекі материалдар, фотоаль-
бомдар, суреттерге арналған альбомдар, сарамандық жұмыстарды,
тәжірибелерді, бақылауларды жүргізуге арналған жабдықтар.
«Менің мектебім» тақырыбының
технологиялық картасы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сабақтар саны
Ортақ тақырып: Менің мектебім.
Оқу мақсаттары деңгейлік мақсатты тұжырымдауға сәйкес (2-қосымша).
Практикалық іс-әрекет. Оқулықпен және жұмыс дәптерінде жұмыс
істеу. Кітапханаға, шеберханаларға экскурсия. Графикалық жатты-
ғулар (сызықтау, жиектеу және т. б.), зейінді, есте сақтау қабілетін,
кеңістікті қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар. Сөзжұмбақты
құрастыру және шешу. Мектеп жанындағы жер телімінде жұмыс жасау:
тұқымдар мен жапырақтарды дайындау, жинау, табиғи материалдар-
ды сұрыптау және оларды сақтауға дайындау, құралдарды, ұсақ-түйек
бұйымдарды жасау.
Сөйлеу-коммуникативті іс-әрекет. Тақырып бойынша сұрақтарға оқу
мәтінінде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып жауап беру.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сұраулы сөйлемдерді пайдалана отырып әңгімелесуге, диалогке қа-
тысу. Жеке тәжірибеге, сызба-суретке, ұсынылған жоспарға, суреттер
қатарына сүйеніп тақырып бойынша қысқаша әңгіме құрастыру. Қысқа
өлеңдерді, санамақтарды, физминуткаларды, мақал-мәтелдерді жат-
тау. «Бір сөзбен жауап бер», «Солай ма, жоқ па?», «Айтшы, қашан?»
және т.б. ойын жаттығуларына қатысу.
Сөз және сөз тіркестері Оқу құралдары, мекенжай, үй мекенжайы,
орналасқан жер, жайлылық, жайлы, құрал-жабдық, сәлемдесу, тәр-
тіп мәдениеті, мәдени, сыпайы сөйлесу, күн тәртібі, сақтау, үй-жай,
кабинет, мамандық, әуестену, басшылық, шеберхана, кітапхана,
кітапханашы, аумақ, жер телімі, ыдыс-аяқты рет-ретімен қою, алғыс,
көгал, құрал-саймандар, арамшөптер, суару.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
25