Page 26 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 26
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
№ 3-қосымша
ОҚУ ТАҚЫРЫПТАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
КАРТАЛАРЫНЫҢ АТЛАСЫ
«Өзім туралы» тақырыбының
технологиялық картасы
Сағаттар саны
Ортақ тақырып: Өзім туралы.
Оқу мақсаттары деңгейлік мақсатты тұжырымдауға сәйкес (2-қосымша).
special.edu.kz. special.edu.kz.
Практикалық іс-әрекет. Оқулықпен және жұмыс дәптерінде жұмыс
істеу. Фотоальбом, отбасылық фотосурет жасау. Проблемалық және
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды шешу. Ребустар мен жұмбақ-
тарды шешу, өтілген сөздермен ойын ойнау және жаттығулар орын-
дау, графикалық жаттығулар, зейінге, жіктеуге, саралауға арналған
жаттығулар.
Сөйлеу-коммуникативті іс-әрекет.
Сұрақтарға жауап беру, әңгімелесу, диалогке қатысу. «Достарыммен
сөйлесемін» айдарындағы әлеуметтік бағыттылықты дамытуға ар-
налған тапсырмаларды орындау, өтінішті, көмек ұсынуды білдіретін
сөйлемдер құру.
Ұсынылған жоспар бойынша, суреттер қатары бойынша қысқа әңгіме
құрастыру, қысқа өлеңдерді, санамақтарды, физминуткаларды, мақал-
мәтелдерді жаттау. «Соңғы сөзді ата», «Сөйлемді аяқта», «Ойлан
және жауап бер» ойын жаттығулары.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Сөз және сөз тіркестері. Отбасы, жақын туыстар, алыс туыстар, не-
мере аға/бөле, немере әпке/бөле, жас, үлкен, бос уақыт, қамқорлық,
шайға арналған ыдыс-аяқ, асхана ыдысы, фарфор, фарфор ыдыс,
нәзік, берік, ұсақ, терең, пиала, кесе, тымақ, құлақшын, бөрік, киіз,
баскиім, тақия, сәукеле, шалма, кимешек, ауа райы, шуақты, бұлтты,
пальто киеміз, қуыршақты киіндіреміз, киім бөлшектері, жаю, салу,
кептіру, ұқыпты, мейірімді, таза, қолғап, биялай.
Оқу-практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәдениеті. «Айна-
ладағы әлем» сабағында өзін-өзі ұстау ережелерін білу және сақтау,
сөйлеу этикеті ережелерін құрастыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру
ережелерін сақтау. Оқу құралдарын ұқыптап ұстау, нұсқаулықтар мен
жаднамаларды ұстана отырып практикалық тапсырмаларды орындау.
special.edu.kz. special.edu.kz.
24