Page 30 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 30

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            әңгімеге, диалогке қатысу. Жоспарға, суреттер қатарына, тірек сөз-
            дерге, сызбаға, жеке тәжірибесіне сүйеніп қысқаша әңгіме құрастыру.
            «Серуендеп жүргенде болған оқиға», «Жапырақтар қалай ұшады?»,
            «Бір қар саяхаты» атты шығармашылық әңгіме. Қысқа өлеңдерді,
            санамақтарды, физминуткаларды, мақалдар мен мәтелдерді, халық
            ырымдарын жаттау, табиғаттану бойынша әдебиетті оқу. «Сөздегі
            алғашқы дыбыс», «Алдымен не, кейін не?», «Қашан, айтшы?»
            Сөз және сөз тіркестері. Жыл мезгілі, ай, кезең, бірізділік, күн-
            тізбе, ауа райының өзгеруі, түрлі түсті, жапырақтардың түсуі, жыл
            мезгілінің  белгілері,  астық,  өнім,  маусымдық  жұмыстар,  солу,
            ояну, пісу, ұрпақ, ұшып кету, ұшып бару, ұшып келу, ұшып кететін
            және қыстайтын құстар, түлеу, бояу, көктайғақ, қар жауу, күн өту,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            тамшылар, мұз сүңгісі, ала қар, мұз жүру, еру, қолайсыз ауа райы,
            жарақат, қауіпсіздік ережелері, үсу, баспана, пана, астау, қосымша
            жем, қамқор, безендіру, тойлату, сиқыр, ғажайыптар, ойын-сауық,
            көшет, өсіру.

            Оқу-практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мәдениеті. Бақылау,
            тәжірибе және практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық-
            гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасы ережелерін білу
            және сақтау, тәжірибе жүргізуге арналған жабдықтарды орналастыра
            алу, суреттің нобайын салу және жазып отыру, тәжірибе, практикалық
            жұмыс нәтижелерін жазып отыру.  Тиянақты жұмыс істеу, жабдықты,
            құрал-саймандарды ұқыптап ұстау.
            Пәнаралық, пәнішілік байланыс. Меңгерген білімі мен біліктерін:
            математика (уақыт және кеңістіктік бойынша бағдарлау, топтастыру,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            салыстыру, сенсорлық эталондар бойынша ажырату), қазақ тілі, ең-
            бекке баулу, тәртіп мәдениеті сабақтарында, сабақтағы практикалық
            жұмыстарда, жер телімінде, тұрмыста қолдану.
            Құрал-жабдықтар.  Оқулық,  жұмыс  дәптері,  дидактикалық  және
            көрнекі материалдар, фотоматериалдар, бейне, киноматериалдар,
            таныстырылымдар, тәжірбиелерді, практикалық жұмыстарды жүргізуге
            арналған жабдықтар.









 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           28
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35