Page 33 - Айналадағы әлем. 3 сынып. Әдістемелік
P. 33
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ҰОС ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, туған қаласының (ауы-
лының) танымал адамдарымен кездесу, оларды құттықтау және
сыйлықтар беру. Мұражайдағы тәртіп ережелерін, жәдігерлерді
қарау, экскурсоводтың айтқанын тыңдау, ережелерін сақтау. Өл-
кентану үйірмесі жұмысына, мектеп мұражайы үшін материалдар
жинау жұмысына (ата-анасымен бірге) қатысу. Қазақстанның тарихи
жерлерін, таңбалық белгілі ғимараттарын, мәдени ескерткіштерін,
атақты адамдарын тану және атау. Қазақ ұлттық тағамын дайындау
(ересектердің көмегімен немесе бақылауымен). «Тап және ата»,
«Неден істелген?», «Ұлға арналған, қызға арналған», «Бұл кімнің
баскиімі?», «Не неден дайындалған?» дидактикалық ойындары.
Сөйлеу-коммуникативті іс-әрекет. Оқу мәтінінде оқылған сөздер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мен сөз тіркестерін қолдана отырып, тақырып бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беру. Диалогке, әңгімеге қатысу, көпшілік алдында
сөйлеу түрлерін имитациялау («Менің туған қалам» атты қарапайым
сұхбатты дайындау және өткізу). Жеке тәжірибесіне, ұсынылған тірек
сөздерге, суреттерге сүйеніп (екі нысанның) қысқаша салыстырмалы
сипаттамасын құрастыру. Жақын ортадағы заттар арасындағы өзара
байланысты орнату. Қазақ халқының мерекелері мен салт-дәстүрі
туралы қысқа өлеңдерді, санамақтарды, физминуткаларды, мақал-
мәтелдерді жаттау. Балаларға арналған Қазақстандық авторлардың
балаларға арналған шығармаларын оқу. Мұражайға, көрмеге бару-
дан, жәдігерлерді көруден, атақты адамдармен кездесуден алған
әсерлерін бейнелейтін қысқаша әңгіме құрау.
Сөз және сөз тіркестері. Мемлекеттік рәміздер, елтаңба, ту, әнұран,
шаңырақ, тұлпар, ою, карта, астана, қала, қаладағы көлік, ауыл, елді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мекен, ауылдағы көлік, көпқабатты үйлер, қоғамдық көлік, жолау-
шылар көлігі, автобус, трамвай, троллейбус, автобус аялдамасы,
қоғамдық көліктегі тәртіп ережесі, жаяу жүргіншілерге арналған
өтпежол, жол қозғалысы, қазақ ұлттық киімі, ұлттық кәстөм, ерлер
киімі, әйелдер киімі, балалар киімі, барқыт, жібек, ұлттық ою-өрнек,
кимешек, жаулық, қамзол, мәсі, шапан, бешпент, шекпен, қаптал,
сәукеле, белдік, әшекейлер, мәдениет, дәстүрлер, мерекелік киім,
мерекелік ас тарту, наурызкөже, мемлекеттік мерекелер, Тәуелсіз-
дік күні, Наурыз, Жеңіс күні, Халықтар бірлігі, шеру, әскери шеру,
мерекелік отшашу, ардагер, жеңіс, мемориал, ескерткіш, Мәңгілік
алау, естеліктерді құрметтеу, батыр, гүл қою. Мұражай, өлкетану
мұражайы, тарихи орындар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
31