Page 5 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
КІРІСПЕ
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан қазақ тілін орыс тілді
мектептерде жүйелі оқыту үдерісін қалыптастыру бүгінгі күннің
басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың
тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байла-
нысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні
мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу
дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру,
еркін сөйлеуіне жағдай тудыру. Оқу орыс тілінде жүретін
мектептерде қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
бар. Пәннің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қазақ
тілінде сөйлетіп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпынды-
рып, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушының жекебасының
жауапкершілігін арттыру, ізденімпаздығын жетілдіру, қазақ
тіліне деген қызығушылығын арттыру.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу-әдістемелік кешен оқыту орыс тіліндегі арнайы
мектептегі жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды қазақ тіліне
оқытудың Типтік оқу жоспары мен жаңартылған мазмұндағы
бағдарламаға сәйкес, сондай-ақ осы қарастырылып
отырған санаттағы оқушылардың танымдық әрекеттерінің
ерекшеліктерін есепке ала отырып құрастырылған. Ол
оқулықты, оқушыға арналған жұмыс дәптерін және осы
әдістемелік құралды қамтиды. Оқу-әдістемелік кешенді жеңіл
ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды кез келген жағдайда: жал-
пы білім беру мектебінің арнайы сыныбында да, сондай-ақ
инклюзивті білім беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда
да оқытуды ұйымдастыруға пайдалануға болады. 3
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.