Page 7 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 7

special.edu.kz.
                                                            special.edu.kz.
      special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                        ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
           жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған сынып-
           тар (оқыту қазақ тілінде емес) үшін «Қазақ тілі» пәнінен
           жаңартылған  үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнына
           сәйкес. Қазақ тілін оқыту оқу-әдістемелік кешені балалардың
           қазақ тілінде түсінуіне, сөйлеуіне, танымдық үдерістерін
           дамытуға жағдай тудырады. Оқулық пен жұмыс дәптерінің
           басты міндеті – зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың
           меңгеретін материалды оң әсермен қабылдауға ықыласын
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           арттыру. Сол себепті төменгі сыныптағы балаларға арналған
           барлық оқу құралдары әдемі безендірілуге, суреттің бояу-
           лары қанық болуы тиіс. Оқулықтың әрбір ортақ тақырыбы
           оқушының зейінін аударып, қызығушылығын тудыратындай
           жаңа суреттік бетпен ерекшеленуі керек. Оқулық пен жұмыс
           дәптерінде берілген тапсырмалар орындау, мәтіндерді оқу
           үшін  мұғалім  бастапқыда  дайындық  жұмысын  жүргізеді,
           түсіндіреді. Тапсырмалардың мол және деңгейленіп беруі
           ата-аналарға  балаларды  оқытуға  көмектесуге  мүмкіндік
           береді. Қазақ тілін меңгертуге деген қызығушылықты тудыру
           үшін дамуында ерекшеліктері бар балалардың қабылдау,
           зейін қою, есте сақтау, ойлау секілді танымдық қабілеттерін
           қатар дамыту өте маңызды болады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі суреттердің көпшілігі
           ортақ тақырыптың, сабақ тақырыбының қандай да бір тап-
           сырмасына бағыныңқы, олар баланың қабылдауына жеңіл
           әрі көрнекі түрде берілген, зейінді дамытуға, балада талдау
           жасау қызығушылығын тудыруға, қиялы мен елесін оятуға
           ықпал етуге көмектеседі. Оқулық пен жұмыс дәптерінде
           мәтіндер, өлеңдер, диалогтер және әртүрлі тапсырмалар
           берілген. Бұлардың барлығын бала меңгермеуі де мүмкін,
           алайда материалдардың жеткілікті көлемде болуы мұғалімге
           сабақты шығармашылықпен өткізуіне көмектеседі. Кейбір
           материалдар, суреттер мұғалімге тақырыптық-көріністік не-
           месе рөлдік ойындар ұйымдастыруға бағдар береді. Оқыту
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12