Page 11 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
абстракциядан қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы:
«Ө» әрпін қайталап бекіткенде, өріктің суретін көрсетіп
тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін
сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын
сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін ай-
тады.
Оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер
жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қо-
рытынды жасауға дағдыландыру. Бұл орайда қазақ тілін
оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің баста-
масы. Оқыту технологиясы – оқу ақпаратын дайындау, өң-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
деу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, мұғалімнің оқушыға оқыту
үдерісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру
құралдарын тиімді пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері.
Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байла-
ныста болуы керек.
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін
үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақ-
станның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас
жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау,
яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ал осы коммуни-
кацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген
жөн. Қатысымдық тұлғалар дегеніміз – тіл арқылы қарым-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу
жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және
қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні
бар бірліктер. Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру
үшін, ең алдымен, бұл пәннің ерекшеліктерін анықтап алу
керек. Қазақ тілін зерде бұзылыстары бар оқушыларға
оқыту үдерісінде бөлінбейтін екі мақсат бар: жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерін есепке ала
отырып, тілдік біліктілікті дамыту және тілдік материалды
меңгерту. Бұлардың екеуі де практиканы, жаттығуды талап
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
9