Page 16 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 16

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.

            жағдаяттық оқиғалар әр сабақта қолданылуы керек. Орынды
            пайдаланған оқыта-үйрету мен топтық, жұптық жұмыстар
            қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне зор мүмкіндік
            туғызады.
               Оқу орыс тілінде жүретін арнайы мектептегі зерде бұзы-
            лыстары  бар  оқушыларға  арналған  «Қазақ  тілі»  пәні  –
            тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете
            отырып,  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым
            дағдыларын  қалыптастыруға  арналған  пән.  Тілдік  төрт
            дағды  (тыңдалым  және  айтылым,  оқылым,  жазылым)
            оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Қазақ тілінің
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            жаңа оқыту әдістері арқылы біз өз ойын, сезімін қазақша
            білдіре білетін, танып-білген нәрселерін қазақша санасына
            түйе, пікір алыса білетін, оқыған, көрген не білген нәрселері
            туралы достарымен, ересектермен өз ойын бөлісетін, ойын
            жеткізіп айта білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ
            тәрбиелейміз. Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым,
            жазылым  дағдыларын қалыптастыра отырып еркін қарым-
            қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге,
            өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ
            тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана
            отырып өзіне қажетті мәліметті ала алады.
               Тыңдалым әрекетінің ең басты міндеті – оқушылар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            арасындағы  қарым-қатынасты  жүзеге  асыратын  тілдік
            тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу.
            Тіл  үйренуде  тыңдалымның  маңызы  мен  ерекшелігін
            белгілейтін  ең  басты  көрсеткіш  –  тыңдалымға  арналған
            мәтін. Мәтіннің мазмұнын толық түсіну оның құрамында
            жаңа сөздердің көп болмауын талап етеді. Оқушыға жаңа
            сөздердің мағынасын түсіндіріп, нақтылайды. Одан кейін
            оқушы бұл жаңа сөздерді пайдаланып сөйлесім әрекетінде
            қолданады, жаттайды, жазып алады. Сондықтан мәтінге
            қатысты  орындалатын  жұмыстар  нақты,  анық  берілуге
            міндетті.  Сол  сияқты  тыңдалым  нәтижелі  болуы  үшін

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21