Page 17 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
акустикалық ережелерді дұрыс меңгерту қажет. Олар:
а) сөйлемнің фонетикалық нормасының сақталуы; ә) сөз
бен дауыстың ырғағы; б) екпін мен дауыс ырғағын дұрыс
қою; в) сөйлем мен сөйлем арасындағы үзіліс. Оқушының
қазақ тілінің төл дыбысты бар сөздерді, сөз тіркестерін,
сөйлемдерді, мәтінді дұрыс қабылдай білуі мұғалімнің оқыту
шеберлігіне байланысты болады.
Айтылым әрекетінің ең басты міндеті – тілдік қатынас
барысында адамның өз ойын жарыққа шығару. Ол ауызша
сөйлеу нәтижесінде іске асады. Айтылым әрекетінің іске
асуына екеуара сөйлесу көп мүмкіндіктер тудырады. Сон-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дықтан мұғалім әрбір сабақта топ пен топтың арасында, жұп
пен жұптың арасында сұрақ-жауап алмасуды, сөйлесуді
немесе пікір алмасуды үлкен шеберлікпен ұйымдастыруға
тиісті. Мысалы, оқулықта «Досыңмен сөйлес» айдарымен
берілген диалогтер. Айтылым әрекетінің нәтижелі болуы –
мұғалімнің үлгі бола алуына, көрнекіліктерді молынан пай-
даланып оқушылардың қызығушылығын арттырып, әрбір
балаға жеке тұлға ретінде қарап, жұмысты шығармашы-
лықпен ұйымдастыра білуіне байланысты болады.
Оқылым әрекетінің ең басты міндеті – сөзді, сөз
тіркестерін, сөйлемді, мәтінді дұрыс оқи білуге үйрету. Қазақ
тілінің төл дыбыстарын өткеннен кейін оқушылардың оқу
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қабілеттерін сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс оқуға
бағыттау керек. Шағын мәтіндерді де біртіндеп оқуға баулып,
оқу техникасын жолға қою мұғалімнің ең үлкен міндеті. Оқу
арқылы оқушыны ойлана білуге, оқығанын түсіне білуге,
мазмұнын өз сөзімен қысқаша айта білуге үйрету. Мәтінді
оқытуға қойылатын талаптардың ең бастысы – түсініп оқу.
Түсініп оқу мен мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты,
бірін-бірі толықтырап отыратын жұмыстар.
Тіл үйренуге қатысты жазылым дағдыларын қазақ
тілінің төл дыбыстарын қайталаумен жалғастырған тиімді
әрі ыңғайлы болады. «Көп нүктенің орнына керекті әріпті,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
15