Page 13 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ән қолдануға болады. Бастауыш сыныптарда профессор
Ө. Жүнісбек ұсынған «фонетикалық камертон» әдісін қол-
данған да тиімді. Бұл көрнекілік арқылы оқушылар дыбыс-
тарды әндетіп, жуан дауыстыларды жуан дауыспен, жіңішке
дауыстыларды жіңішке дауыспен айтып дағдыланады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі сабағын
дұрыс ұйымдастыру өте маңызды болады. Зерде бұзылыс-
тары бар оқушылардың зейінін сабаққа аудару мұғалімнен
белгілі бір шығармашылықты талап етеді. Сабақ бөліктері
бір-бірімен жүйелі түрде байланысып, тығыз байланыста
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүргізіледі. Сабақ барысында өтілетін материалдың оқушы
үшін қолжетімді болуы мақсатында: сабақты неден бастау,
не мәселеге көңіл бөлу, нені қамту керек және олар не ар-
қылы жүргізіледі деген мәселелер анықталады.
Сабақты ұйымдастыру құрылысы:
1. Сабақтың ұйымдастырылу кезеңі. Бұл кезеңге: сә-
лемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа
ұйымдастыру жатады.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысын, үйге берілген
тапсырманы үнемі тексеріп отыру оқушының оны орын-
дауына әсер етеді. Оқушы үй тапсырмасының тексерілмей
қалатын кездері болатынын сезсе, үй тапсырмасын жасамай
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
келуі де мүмкін. Сондықтан үй тапсырмасы міндетті түрде
тексерілуі және бағалануы өте қажет.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл – сабақтың оқушы білімін
толықтыратын бөлімі. Оқушы білімі әр сабақ сайын толы-
ғып отыруы тиіс. Оқушы әр сабақта өзіне таныс емес жаңа
материалмен кездесіп отырады.
4. Жаңа материалды бекіту. Мұғалім оқушыға жаңа ма-
териалды ғана түсіндіріп қоймай, оны оқушының есінде
сақтай алатындай дәрежеге жеткізуі керек. Ол үшін көптеген
түрлі-түрлі жұмыстар жасайды, әдіс-тәсілдер қолданылады.
Онсыз оқушы ешбір материалды есіне сақтай алмайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
11