Page 15 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 15

special.edu.kz.
                                                            special.edu.kz.
      special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сында пайдалануға, сөз, сөз тіркестері, қысқа сөйлемдерді
           құрастыруға, мұғаліммен ауызекі сөйлесуге дағдыланады.
             Тіл дамытуға арналған жаттығуларды құрастырған кезде
           келесі жүйені пайдаланған жөн: тыңдау-қайталау-сөйлеу.
           Практика нәтижелі болу үшін оқушыға не істеу керек екенін,
           қалай орындау керек екенін және материалды қалай пай-
           далану  керек  екенін  көрсету  керек.  Сондықтан  осыдан
           туындайтын тағы бір тәсіл – ол көрсету тәсілі. Бұл тәсіл
           коммуникативті бөлшектердің, сөздердің, грамматикалық
           формалардың  мағыналарын  анықтайды.  Оқушының  тілі
           жаттығуы үшін мұғалім тілдік үлгілерді көбірек беруі ке-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           рек. Мысалы, ілік септік формасын өткенде, оны тәуелдік
           жалғаумен байланысып тұрған грамматикалық формада
           беріп  жаттықтырған  дұрыс.  Мысалы:  сынып-тың  есіг-і,
           мұғалім-нің  журнал-ы,  бала-ның  ойыншы-ғы.  Сонымен
           қатар  белгілі  бір  мағыналы  форманы  беріп,  оған  бір
           грамматикалық тұрғыдағы сөздерді қатыстыру. Мысалы:
           Оқушының  оқулығы  жаңа.  Оқушының  оқулығы  әдемі.
           Оқушының оқулығы қалың.
             Жаттығу жұмыстарының ішіндегі ең тиімді де, оқушы үшін
           қызықтысы да – суретпен жұмыс. Суретпен түрлі жаттығу
           жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы, әңгіме құрастыру,
           берілген тірек сөздермен сөйлем құрастыру, сурет бойынша
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сұрақтарға жауап беру, суретке қарап сұрақтар құрастыру,
           суретке ат қою, суретті әңгімелеу, суреттегі сөздерді жатқа
           жазу. Мұндай жұмыстарды орындағанда оқушылардың есте
           сақтау қабілеті арта түседі, тілі жаттығады.
             Түсіндіру тәсілі мұғалімнің сөзі, баяндауы арқылы орында-
           лады. Мұғалім дайын материалды баяндап қана қоймай, оны
           оқушы санасына жеткізуге, оқушының оны жақсы түсінуіне
           көңіл бөледі. Түсіндіру тәсілі әдіс ретінде жаттығу және
           көрсету тәсілдерін толықтырып отырады. Қазақ тілін орыс
           тілді балаларға оқытуда есту және көру тәсілдері де жиі
           қолданылады. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту үшін диалог,

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20