Page 18 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 18

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.

            сөзді  қойып  жаз,  сұраққа  жауап  жаз,  сызба  бойынша
            сөз  тіркестерін  құрап  жаз»  сияқты  жаттығулар  бірін-бірі
            жалғастырып отырады. Осы сияқты жұмыстардың бірі –
            көшіріп жазу. Бұл жұмыстың басты мақсаты – оқушыларды
            орыс  тіліндегідей  қазақ  тілінде  де  тақтадан,  оқулықтан
            дұрыс  көшіріп  жаза  білуін  тексеру.  Бұл  –  оқушылардың
            сөздік қорын, сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
            Әр жазба жұмысынан кейін міндетті түрде қатемен жұмыс
            жүргізіледі.
               Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға қазақ тілінің
            төл дыбыстарын меңгерту үлкен мәселе. Алайда оқушы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            қазақ тілінің 9 (10) төл дыбыстарын жете меңгермейінше,
            ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды. Оқыту
            орыс  тілінде  жүретін  арнайы  мектеп  оқушысында  қазақ
            тілінің  төл  дыбыстарын  айту  дағдысы  болмайды.  Сол
            себепті  оны  меңгерту  басты  мәселе  болып  табылады.
            Оқушыны дыбыстық жүйемен ғана таныстырып қоймай, ол
            дыбыстардың сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дұрыс айты-
            луына жаттықтыру қажет. Оқушы қазақ тіліндегі дыбыстар-
            ды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, ол өз ойын нәтижелі
            жеткізе алады.
               Оқушылардың  қазақ  тілін  меңгеруде  қызығушылығын
            арттыру үшін және ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту үшін
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            ойын,  ойын  тапсырмаларын  пайдаланған  өте  тиімді.
            Әрбір сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып
            отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын,
            ынтасы  мен  зейінін  арттырады.  Басты  мақсат  –  ойын
            әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік
            қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын бары-
            сында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормалар-
            ды  игерту  мүмкіндіктері  мол  болады.  Ойын  барысында
            баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы,
            қызығушылығы қалыптасады. Ойын оқушылардың сол орын-
            далатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін
            қалыптастырады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23