Page 14 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Жаңа
материалды бекіту жұмысымен бірге оқушының жаңа мате-
риалды қалай меңгергенін анықтау. Жаңа сабақты қорыту
оны бастан-аяқ қайталау емес. Бұл – оқушыға мәселенің
негізін еске сақтауға көмектесу. Мұғалім үй тапсырмасын
оқушыға түсіндіріп, қалай орындау керектігіне бағыт береді.
Жаңа сабақты түсіндіруде күрделі сөздерді ана тілінде
айтып, қазақ тіліне аудару керек. Мысалы, қанттың суретін
көрсетіп, оның аудармасын талап етудің қажеті жоқ. Өйтке-
ні суреттен оның не екені көрініп тұр және балалар оның
қазақ тіліндегі атауын бұрыннан біледі, мұғалімнің мақса-
special.edu.kz. special.edu.kz.
ты – сол сөзбен байланысты іс-қимылды білдіретін сөзді
оқушылардың сөздік қорына енгізу. Сол себепті ол орысша:
«Ем, кушаю», – деп, қазақша: «Жеймін», – дейді. Сабақтың
келесі кезеңінде оқушылардың ойын ауызша айтуға үйрете-
ді. Оқушылар бір-біріне өз ойларын айтады, толықтырады,
бір оқушыға оларды тұжырымдап, қорытындысын айтуға
табыс етіледі. Әр сабақта оқушылардың хормен айтылған
жауаптары болуы керек. Хормен дыбысты, буынды, сөзді
қайталау оқушылардың ой-өрісін дамытып, сабақта өзін
еркін ұстап, ауызша еркін сөйлеуіне әсерін тигізеді.
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағында белгілі тілдік
материалдар беріліп отырады. Әрине, барлық қазақ
special.edu.kz. special.edu.kz.
сөздерін жиі қолдану мүмкін емес. Алайда, шамамен
алғанда, әр сабақта 4-5 жиі қолданылатын сөз болуы керек.
Төменгі сыныптарда іс-қимылды білдіретін сөздер бірнеше
сабақта келер, осы, өткен шақтарда қолданылады. Мыса-
лы: Мен оқимын. Мен оқып жатырмын. Мен оқыдым. Ол
тілді меңгеруге өз әсерін тигізеді. Қай мектепте болмасын
сабақтың, тіл үйрену жұмысының табысты өтуі мұғалімнің
шеберлігі, оқушының ынтасына байланысты болады. Бас-
тауыш сыныпта қазақ әліпбиін, оның ішінде, қазақ тілінің
төл дыбыстарының айтылуын, жасалу жолдарын үйреніп,
сөздік қорларын байытып, үйренген сөздерін сабақ бары-
special.edu.kz. special.edu.kz.
12