Page 12 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
етеді. Сондықтан қазақ тілін оқытуда білім сапасын артты-
ру үшін қолданылатын негізгі әдістердің бірі – практикалық
немесе машықтық тәсілдер болып келеді, соның ішінде
негізгісі – жаттығу тәсілі. Жаттығулар тілдік біліктілікті
дамыту үшін, тілдік материалды меңгеру үшін, бастапқы
біліктіліктерді меңгеріп, оларды дағдыға айналдыру үшін
қызмет етеді. Оқушыны сөйлеуге жаттықтыру жұмысы
тілдік материалдан тұратын жаттығулар арқылы жүргізіледі.
Жаттығулардың түрі де, мақсаттары да әртүрлі болады.
Оларды грамматикалық, лексикалық және фонетикалық
жаттығуларға бөлуге болады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
special.edu.kz. special.edu.kz.
балаларға қазақ тілінің грамматикалық, лексикалық және
фонетикалық анықтамаларды жатқа үйретіп айтқызбай,
оның практикалық жағына көп мән беру керек. Зерде даму
бұзылыстары бар балалардың есте сақтау қабілетінің нашар
болатындығынан, материалдарды баланың есінде қалғанша
үнемі қайталап отырған дұрыс болады. Сабақтарда алда
өткен материалдарға жаңа материалдар қосылып ұласып
отыру керек. Сабаққа жан-жақты дайындық сабақтың нәти-
желі болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан мұғалім әрбір
сабаққа алдын ала өте үлкен дайындықпен келуі тиіс. Бұл
дайындықтың барлығын мұғалім жүйелі түрде жазып отыр-
ғаны дұрыс. Сабақтың жазбаша мазмұнына мұғалім кірген-
special.edu.kz. special.edu.kz.
нен бастап, сабақ бітіп, сыныптан шыққанға дейінгі жұмыс
түрлері мен сөйленетін сөздің бәрі толық кіруге тиісті. Са-
бақтың қай бөлімінде қандай көрнекіліктер қолданылатыны
көрсетіліп отырады. Сабақ барысын осындай дайындықпен
бастап, оны жылда толықтырып, түрлендіріп, жаңартып,
жылда жақсартып отырған мұғалім шеберлікке жетеді. Мұға-
лім сабақ тақырыбын сабақ жоспары бойынша анықтайды.
Сабақтың түрі мен құрылысы тақырыпқа қарай белгіленеді.
Басқа ұлт оқушыларының тілге қызығушылығын артты-
ру үшін қазақ тілі сабағын ауызша жаттығудан бастаған
жөн. Ауызша фонетикалық жаттығуға қысқа өлең, жұмбақ,
special.edu.kz. special.edu.kz.
10