Page 10 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ
3-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
БАР БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ
ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пай-
далану оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін
кеңейтеді. Зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту мен
дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына
үлкен ықпал ететін маңызды тәсілдер болып саналады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік
қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге
келуіне, оны дәлелдей білуіне, оқушының өз ой-пікірін
айтуына мүмкіндік беріледі. Оқу – адамның психикалық
дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір
мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қандай да жаңа,
бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза
алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке
қатынасуы күткен нәтиже бермейді.
Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді.
Орыс тілінде оқитын балаларды қазақ тіліне оқытуда мұғалім
special.edu.kz. special.edu.kz.
керісінше баланың өз ойын, өз бақылауларын, пікірін өз
сөзімен айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы «тәртіп»
ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында өздерін еркін
ұстап, бір-бірімен белсенді қарым-қатынасқа түседі.
Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға
деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы
жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе,
онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіге қарай,
нақтыдан абстрактіге қарай» деген қағида бар. Дамыта
оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын
special.edu.kz. special.edu.kz.
8