Page 6 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 6

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.

               3-сыныпта қазақ тілін оқитын оқушылардың танымдық
            қабілеттері  жағынан,  сондай-ақ  аталған  пәнді  оқыту
            сабағындағы жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктері
            жағынан бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бола-
            ды. Сондықтан мұғалім сабақ барысында және сабақтан тыс
            уақытта балалардың өмірлік тәжірибесін, білімді меңгерудің
            жеке мүмкіндігін, деңгейін зерттей отырып оларды бақылауға
            міндетті.
               Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға оқыту міндеттерін
            шешу үшін оқыту құралдарының, оның ішінде, оқулық пен
            жұмыс дәптерінің үлкен маңызы бар. Сонымен бірге мұғалім
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            қарастырылып отырған санаттағы оқушылардың танымдық
            дамуының кемшіліктеріне байланысты оқулық пен жұмыс
            дәптерінің ерекше рөлі мен оларды пайдаланудағы белгілі
            бір шектеуліктердің болатынын түсінуге міндетті.
                Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі материалдар мөлшер-
            леніп пайдаланылады. Алдын ала заттық және сюжеттік су-
            реттердің мағынасын түсіндіруге арналған арнайы жұмысты
            жүргізуді талап етеді.






 special.edu.kz.                           special.edu.kz.




















 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11