Page 8 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-класс ЯЗ-2
P. 8

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.

            үдерісіне ойын элементтерін енгізу зерде даму бұзылыстары
            бар балалар үшін сабақтарды қызықты, тартымды етуге
            көмектеседі.
               Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
            деңгейі  бойынша  бірдей  емес.  Тапсырманың  күрделілік
            деңгейінің шартты белгілері бар. Түрлі түсті дөңгелектер
            шартты белгі ретінде пайдаланылған.
               Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
            білдіреді. Бұл тапсырмаларда оқушыдан мұғалімнің сөзін
            тыңдап, оның атаған заттары мен нысанның суретін немесе
            сюжеттік суретті тану және көрсету талап етіледі.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
               Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
            деңгейін, яғни оқушының оқулық материалдарының өзара
            қатынасын түсінуін және мұғалімнің айтқанын қайталай оты-
            рып, үйретілген айтылымдарды өз сөйлеу тілінде пайдалана
            білуін, оқуын білдіреді. Қойылған сұрақтардың мағынасын
            түсініп, бір-екі сөзбен жауап бере алады.
               Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшінші
            деңгейін, яғни мәтінді оқу және иллюстрацияларда бейнелен-
            ген нысандарды атау, олардың арасындағы себеп-салдарлық
            байланысты түсіну, заттар мен нысандардың қасиеттерін тал-
            дау, салыстыру және тұжырымдау әрекеттерін орындағанда
            белгілі бір дербестікті білдіреді. Кітаптағы иллюстрациялар
            бойынша өз сөзімен әңгімелеп беруге талпынады. Қойылған
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            сұрақтарға толық жауап береді.
               Мұғалім  оқушыға  арналған  тапсырманың  күрделілігін
            баланың  әртүрлі  әрекеттердегі  жетістіктерін  бақылау
            негізінде таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың
            күрделілігін  1-деңгейден  3-деңгейге  дейін  біртіндеп
            дәйектілікпен  арттырады.  Алайда  мұғалім  күрделіліктің
            барлық  деңгейінің  әрбір  оқушы  үшін  қолжетімді  болма-
            уы  мүмкін  екенін  есте  сақтауға  міндетті.  Оқушы  өзінің
            мүмкіндігіне сәйкес оқу материалымен, мысалы, күрделілігі
            1-деңгейдегі материалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
               Оқулықта  диалогтік  сөйлесуге  арналған  тапсырмалар
            бар. Бастапқыда мұғалім баламен диалогке түссе, кейіннен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
            6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13