Page 5 - 5.4
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларды математикаға оқытудың Типтік оқу жоспары
мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес,
сон дай-ақ осы қарастырылып отырған санаттағы білім
special-edu.kz. special-edu.kz.
алушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктерін есепке
ала отырып құрылған. Ол оқулықты, оқушыға арналған
жұмыс дәптерді және осы әдістемелік құралды қамтиды.
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларды кез келген жағдайда: жалпы білім беру
мектебінің арнайы сыныбында да, сондай-ақ инклюзивтік
білім беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда да оқытуды
ұйымдастыруда пайдаланылуға тиісті.
0-сыныпта математиканың жүйеленген курсын оқытудың
дайындық кезеңі басталады. Мұғалім бұл кезеңде төмендегі
міндеттерді шешеді:
1) Білім алушыларда бар қарапайым математикалық
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсініктерді (санға дейінгі) анықтау.
2) Білім алушыларды математиканың жүйеленген курсын
оқытуға дайындау.
3) Сабақта жалпы жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін балалар ұжымындағы, сабақтағы (тыңдай білу,
мұғалімнің өтінішін орындау, мұғалімнің артынан заттар-
мен әрекетті және сөздерді қайталау, сұрақ қою, сұрақтарға
жауап беру және т.б.) тәртіп ережелерін, жалпы икем діліктер
мен дағдыларды қалыптастыру.
Мұғалім білім алушылардағы қарапайым математикалық
түсініктердің жағдайын тексергенде, ең алдымен баланың
жалпы дамуына, оның көмекті қалай қабылдайтынына көңіл
special-edu.kz. special-edu.kz.
аударуға тиісті.
Білім беру міндеттерін шешу үшін оқыту құралдарының,
оның ішінде, оқулық пен жұмыс дәптерінің үлкен маңызы
бар. Сонымен бірге мұғалім мектепке оқуға келген,
қарастырылып отырған санаттағы оқушылардың танымдық
3