Page 10 - 5.4
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Білім алушылар жазба жұмыстар (бойымен жүргізу, бояу,
штрихтау) жұмыс дәптерінде ғана орындалатынын түсінуге
міндетті. Оқулықпен жұмыста қарындашты және қаламды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
Жұмыс дәптеріндегі оқушының графикалық әрекеті зат-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тық-практикалық әрекетті толықтырады және әдеттегі тор-
көз дәптерде жұмыс істеу дайындылығын қалыптастырады.
Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар оқушыдан қарау, сәй-
кестілікті табу, белгілі бір белгісі бойынша заттың жұбын
табу, нобай бойымен жүргізу, нобай ішін штрихтау, суретті
аяқтау және т.б. сиқты белсенді әрекеттерді талап етеді.
Білім алушыда зейінді шоғырландыруды, аналитикалық-
синтетикалық әрекетті, салыстыруды, сәйкестендіруді, қара-
ма-қайшылықты табуды, көру-қимыл үйлесімділігін, өзін-
өзі бақылауды қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
Әрбір тоқсан және оқу жылының соңында оқушының та-
қырыпты, тарауды оқуды аяқтауы бойынша жетістіктерін тал-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дау үшін оқушының барлық жұмысын бір папкаға жина ңыз.
Оқушы жұмыс дәптерінде ұсынылған барлық жаттығуларды
орындауға міндетті емес. Мұғалім оқушының мүмкіндігін
бақылай отырып, оқушыға қолжетімді тапсырманы таңдауға
тиісті. Тапсырманы оқушы үшін орындауға болмайды.
Жұмыс дәптерінде әрбір оқушының оқу тапсырмаларын
меңгеру деңгейін белгілеуге болатын жетістік картасы
ұсынылады. Білім мен дағдыны бақылауды әдеттегі сабақ
барысында бекіту мен қайталаудан кейін жүзеге асыры-
ңыз. Оқушының әрбір тақырып аясында орындаған барлық
әрекеттерін талдау және мұқият бақылау нәтижесінде
оның жеткен жетістіктерін анықтай аласыз. Мұғалімнен
special-edu.kz. special-edu.kz.
материалды меңгеру деңгейін күрделілік деңгейіне сәйкес
бағанға қажетті датаны қоя отырып белгілеңіз.
Әрбір тоқсанның және оқу жылының соңында дәптер
беттеріндегі оқушының жұмыстары мен толтырылған жетістік
картасынан әрбір оқушының портфолиосы құрылады. Бұл
8