Page 14 - 5.4
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сондай-ақ олардың аяқ астынан болатын, өздік әрекеттерін
де бақылаңыз. Бұл бақылаулар сабақта көрсетілетін жеке
көмек түрін ойластыруға және жүзеге асыруға көмектеседі.
Сонымен бірге артық көмектің баланың дамуы мен оқуына
бөгет жасайтынын да есте ұстаңыз.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Көлем туралы түсінікті қалыптастыру
Дайындық кезеңінде сіз білім алушыларды заттарды
көлемі бойынша салыстыруда қатарластырып қою, бірінің
үстіне бірін салу тәсілдеріне үйретуге, олардың сөздігін
қажетті терминологиямен толықтыруға міндеттісіз. Білім
алушылардың назарын көлемдік түсініктердің жұптылы ғы-
на (үлкен – кіші, ұзын – қысқа және т.б.), олардың қарама-
қайшылығы мен өзара кері сипатына аударыңыз. Әртүрлі
заттарды белгілі бір белгісі бойынша жіктеуге берілетін
жаттығулар пайдалы болады. Білім алушылардың заттық-
практикалық әрекетін ұйымдастарғанда, оларға көлемдік
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсініктердің қатыстық сипатын: берілген доптың бір жағдай-
да үлкен деп аталатынын, ал басқа доппен салыстырған -
да оны кішкентай деп атау мүмкін екенін көрсетіңіз. Әрі
қа рай көлемдік параметрлері бойынша салыстыру үшін 3
немесе одан да артық заттарды алыңыз. Білім алушыларды
заттарды қандай да бір белгісінің (мысалы, биіктігі бойынша)
айқындық деңгейі бойынша қатарластырып қоюға үйретіңіз.
Сапалық белгі бойынша жүйелеу сан, сандық қатар туралы
түсініктерді қалыптастыруға («ілгері озу») дайындық болып
табылады.
Сан туралы түсініктерді қалыптастыру
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сан туралы түсініктерді қалыптастыруда білім алу-
шылардың серуендеу, ойын кезінде, асханада болған кезде
кеңейту қажет болатын өмірлік түсініктерін тірек етіңіз.
Білім алушылардың алдымен енжар сөздігіне, содан кейін
белсенді сөздігіне заттың санын сипаттайтын сөздерді: көп,
12