Page 12 - 5.4
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           мақсаттар жүйесі арқылы тақырып аясындағы мұғалім мен
           білім алушылардың бірлескен әрекетінің мазмұнын ашып
           көрсетеді. Мұғалімді зерде даму бұзылыстары бар білім
           алушыларды математикаға оқыту тәсілінің ерекшелікте рін
           сақтауға, яғни бұрын өткен материалдарды міндетті түрде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қайталауға,  білім  алушылардың  математикалық  сөйлеу
           тілін дамытуға, пәнаралық байланыстар мен ілеспелі оқу
           материалымен  жұмысты  анықтауға,  «ілгері  озуға»,  яғни
           білім алушыларды келесі тақырыптарды оқытуға алдын ала
           дайын дауға, көрнекі дидактикалық материалдар миниму-
           мын анықтауға бағдарлайды.
              Оқу  тақырыптарының  технологиялық  картасының  кез
           келген бағанын өзіңіздің қалауыңыз бойынша, сіздің тәжі-
           рибеңіз бен сыныбыңыздағы білім алушылардың қажет-
           тіліктеріне сәйкес материалдармен толықтыруға болады.
              Технологиялық  картада  сипатталған  болжамдық  әре-
           кет мазмұнын қарастырылатын тақырып аясында өткізіле-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тін жеке сабақтарға өздігіңізден бөле аласыз.
              Әдістемелік  құралдағы  күнтізбелік  жоспардың  әрбір
           тақырыбы үшін үлгілік бақылау тапсырмалары ұсынылған,
           сіз олардың көмегімен білім алушының жетістік деңгейін
           анықтай аласыз, білім алушының бағдарламаның әртүрлі
           тақырыптарындағы  жетістіктері  туралы  шынайы  мәлі-
           меттерді жинай аласыз. Бақылау тапсырмалары оқытудың
           деңгейлік мақсаттарына (неге үйретті, нені анықтаймыз)
           сәйкес құрылған.


                              Сабақты ұйымдастыру

              Сабақтағы  негізгі  жұмыс  түрі  –  жаппай  жұмыс.  Жап-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           пай  жұмыс  барысында  білім  алушылардың  қалдық
           елік теу  қабілетін  тірек  етіңіз.  Оқытудың  жетекші  тәсілі
           ретінде көрсетуді, әрекетті көрсетуді және нені көрсетіп
           тұрғаныңыздың  қысқаша  түсініктемесін  пайдаланы-
           ңыз.  Білім  алушылар  сіздің  әрекетіңізді,  сөзіңізді  және

           10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17