Page 17 - 5.4
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
таныстырасыз. Сонымен бірге «кеше», «бүгін», «ертең»
түсініктерін, «алдымен», «содан кейін» сөздерін балалардың
өмірлік тәжірибесімен байланыстырыңыз. Бұл түсініктерді
алдымен білім алушының енжар сөздігіне, содан кейін
белсенді сөйлеу тіліне ендіріңіз.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Мезгілдік түсініктер балаларда сандық және көлемдік
түсініктерге қарағанда ұзақ уақыт қалыптастырылады.
Бұл көлемді, санды немесе пішінді қабылдағандағыдай
емес, уақытты сезім мүшелерімен сезіну мүмкін еместігіне,
яғни уақыттың ерекшеліктеріне шартты болады. Адам
уақытты қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер арқылы
қабылдайды. Бұл үшін бақылай білу, ақпаратты саналы
түрде ұғына білу қажет.
Тәулік бөліктері туралы түсініктер, «кеше», «бүгін»,
«ертең» сөздерінің мағынасы; «алдымен», «содан кейін»
сөздері өзінің әрекетін және айналасындағы адамдардың
әрекеттерін бақылау және талдау үдерісінде бекітіледі.
Бұл түсініктермен әрбір сабақта тақырыбына тәуелсіз
special-edu.kz. special-edu.kz.
жұмыс жүргізу қа жет. Сабақ басында, оқу күнінің басында
балаларға бүгін олармен бірге қандай қызықты істермен
айналысатындарыңыз ды хабарлаңыз, оқушылардан кеше
қандай оқиғалардың болғанын еске түсіруді ұсыныңыз. Апта
күнін де атауға болады. Білім алушылар уақытта бағдарлау
бойынша жеткілікті тәжірибе жинағаннан кейін, олардың
сөздігін сәйкес терминологиямен толықтыруға болады,
балалардың тәжірибесін жинақтауға, әрбір оқушының
осы тақырып бойынша ақпаратты меңгеру деңгейін
анықтауға мүмкіндік беретін «тәулік бөліктері» тақырыбы
бойынша арнайы сабақ өткізіңіз. Мезгілдік түсініктерді
қорытындылағанда, арнайы дайындалған «Тәулік сағаты»,
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Тәулік үйшігі» дидактикалық құралдарды пайдаланыңыз.
Кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру
Сыныбыңыздағы білім алушыларда кеңістіктік түсініктер-
ді 0-сыныптағы дайындық кезеңі бойы нақтылаңыз және
15