Page 19 - 5.4
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
өздерін қатарластырып қойыңыз. «Шалқан» ертегісін
ойнат тырыңыз. Бұл ертегі ілесу тәртібі қатынасын жақсы
көр сетеді. Білім алушыларға басында сізге еліктеу
бойынша, содан кейін дайын үлгі бойынша, ең соңында,
сөздік нұсқау бойынша әрекеттенуді ұсыныңыз. Жұмыстың
special-edu.kz. special-edu.kz.
соң ғы кезеңінде білім алушыларды заттың немесе оның
жа зық моделінің немесе оның бейнесінің, бірінші, соңғы,
шеткі, алдыңғы, артындағы, арасындағы, келесі сөздерін
пай далана отырып орналасу орны туралы айтып беруге
үйретіңіз.
Геометриялық фигуралар туралы түсініктерді
қалыптастыру
Дайындық кезеңінде білім алушыларды геометриялық
денелердің (текше, шар) және геометриялық фигура-
лардың (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш) бейнелерімен
және атауларымен таныстыру керек. Білім алушыларға
special-edu.kz. special-edu.kz.
геометриялық денелер мен геометриялық фигураларды
қарап қана қоймай, «тамаша дорба» ойыны
пайдаланылатындай тапсырманы ендіре отырып, оларды
ұстап көруге мүмкіндік беріңіз.
Бастапқыда білім алушыларды геометриялық денелер
мен геометриялық фигураларды балаларға көрсеткен үлгі
бойынша таңдауға үйретіңіз. Алдымен таңдауға арналған
фигуралар үлгімен бірдей (түсі, көлемі, материалы бойын ша)
болуға тиісті, содан кейін түсін, содан кейін көлемін, содан
кейін түсі мен көлемін бір мезгілде түрлендіруге болады.
Келесі кезеңде білім алушыларды фигураны атауы бойын -
ша таңдауға үйретіңіз, ең соңында білім алушылар оқылатын
special-edu.kz. special-edu.kz.
фигураны өздігінен тануға және атауға міндетті. Әрі қарай
геометриялық дене мен жазық фигураны, мысалы, шар
және дөңгелекті, текше мен шаршыны ажыратуға үйретеді.
Фигуралардың модельдері мен кескіндері бойынша
жүргізуге, содан кейін алынған фигураларды штрихтауға
17