Page 18 - 5.4
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
қалыптастырыңыз. Бұл жұмыс 1-сыныпта да өзекті болып
қалады. Әрбір сабаққа оның тақырыбына тәуелсіз сәйкес
тапсырмалар мен жаттығуларды ендіріңіз.
Білім алушыларға төмендегі отногенетикалық қағидаларға
негізделген тапсырмалар мен жаттығуларды ұсынғанда,
special-edu.kz. special-edu.kz.
белгілі бір бірізділікті ұстаныңыз:
1-кезең – білім алушыларды өз дене бөліктерінде (алда –
артта, жоғары – төмен, оң жақта – сол жақта) бағыттаңыз;
2-кезең – білім алушыларды өзіне қатысты жақын кеңіс-
тікте бағыттаңыз:
– өз денесінің бағытын (алда – артта, жоғары – төмен, оң
жақта – сол жақта) анықтаңыз;
– заттардың балаға қатысты орналасу орнын (алыс – жа-
қын, алдында – артында, жоғары – төмен, оң жақта – сол
жақта және т.б.) анықтау;
3-кезең – 2-3 заттың бір-біріне қатысты өзара жағдайын
(үстінде, астында, артында, алдында, арасында, ішінде,
special-edu.kz. special-edu.kz.
ортасында) анықтауға үйретіңіз;
4-кезең – білім алушыларды қағаз бетінің жазықтығында,
үстел жазықтығында бағыттаңыз. Бұнда білім алушыларға
таныс түсініктерді (ортасында, үстінде, астында, жоғарыда,
төменде, жанында) пайдаланыңыз.
Білім алушыларды алдымен заттарды көрсетілген орынға
орналастыруға, содан кейін заттың балаға немесе бөлмедегі,
көшедегі кез келген басқа затқа қатысты орналасу орны
туралы айтуға үйретіңіз.
Білім алушыларды ілесу тәртібінің қатысымен таныстыру
заттардың және олардың бейнелерінің өзара орналасуын
жеке кезеңде оқыту болып табылады. Бұл қатынастар
special-edu.kz. special-edu.kz.
бірінші, соңғы, шеткі, алдыңғы, артындағы, арасындағы,
келесі сөздермен айтылады. Бұл түсініктерді меңгеру сан
қатарындағы сандардың бірізділігін меңгеруде «ілге рі
озу» болып табылады. Алдымен көлемді заттарды, ойын-
шықтарды қатарластырып қоюға үйретіңіз. Балалардың
16