Page 16 - 5.4
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                   Заттардың ауырлығы туралы түсініктерді
                                   қалыптастыру
              Заттардың  ауырлығы  туралы  түсінік  білім  алушылар-
           да  олардың  бұлшық  еттік  сезінулерін  тірек  ете  отырып
           қалыптасады. Сондықтан сабақты өзінің салмағы бойын-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ша айтарлықтай ерекшеленетін заттармен жабдықтаңыз.
           Білім алушыларға екі заттың салмағын біреуін оң қолда,
           басқасын сол қолда ұстап салыстыруға мүмкіндік беріңіз.
           Білім алушыларға затты бір қолдан екінші қолға ауысты-
           руға және бұлшық еттік сезінулерге назар аудара отырып
           зат тарды салмағы бойынша қайтадан салыстыруға мүмкін-
           дік беріңіз. Заттарды салмағы бойынша салыстыру үшін
           зат тарды ауыстырып отырыңыз. Білім алушы көлем мен
           салмақ түсініктерін шатастырып алмауы үшін көлемі үл-
           кен, салмағы жеңіл және көлемі кішкентай, салмағы ауыр
           заттарды пайдаланыңыз. Олар көлемі үлкен затқа қараған-
           да кішкентай заттың салмағы ауыр болуы мүмкін екенін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түсінуге тиісті.
              Оқытудың  соңғы  кезеңдерінде  заттарды  ауырлығы
           бойынша салыстырғанда таразының табағын (гір тасынсыз)
           пайдалану пайдалы болады. Балаларды таразы табағының
           құрылысымен және таразы табағының бір-біріне қатысты
           жағдайын (ауыр зат салынған таразы табағы төмен түседі,
           ал жеңіл зат салынған таразы табағы жоғары көтеріледі)
           бағдарлай отырып, қай заттың ауырлау-жеңілдеу екенін
           анықтау тәсілімен таныстырыңыз. Сонымен бірге сіз білім
           алушылардың  қалыптастырылған  «жоғары  –  төмен»
           түсініктерін тірек ете аласыз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                   Мезгіл туралы түсініктерді қалыптастыру
              Сіз  дайындық  кезеңінде  білім  алушыларды  тәулік
           бөліктерімен  (таңертең,  күндіз,  кешке,  түн),  олардың
           бірізділігімен,  балалардың  және  оның  жақындарының
           тәуліктің  әрбір  бөлігіне  тән  орындайтын  әрекеттерімен

           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21