Page 8 - 5.4
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
толықтырылады. Содан кейін білім алушыларды жаңа
түсініктерді белсенді сөйлеу тілінде пайдалануға ынталан-
дырыңыз. Бұл үшін екі затты, мысалы, ұзындығы бойынша
салыстырыңыз, білім алушылардың белсенді сөйлеу тілінде
«ұзын, қысқа» сөздерінің пайдаланылуын бақылаңыз. Осын-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дай жұмыстан кейін ғана оқулықтағы иллюстрациялармен
және жұмыс дәптерімен жұмысқа көшуге болады. Шынайы
затты оның суреттегі бейнесімен сәйкестендіруден бас та-
ңыз.
Оқулықтың әрбір тапсырмасына мұғалімнің сөздік нұс-
қа уының үлгісі беріледі. Тапсырманы (сұрақты) анық және
асықпай айтыңыз. Сұрақты қайталауға асықпаңыз, бала-
ларға естігендерін түсінуге уақыт беріңіз. Қажеттіден артық
айтқаныңыздың бәрі білім алушылардың ойын бөліп, ша-
тастырады. Мұғалімге оқулықтағы сөздік нұсқауды тиімді
пайдалану мақсатында жақшаның ішінде оның барлық
нұсқаларын өздігінен құрастыруға көмектесетін ақпарат
беріледі. Мысалы: «Көк (жасыл) текшенің көлемі қандай?»
special-edu.kz. special-edu.kz.
нұсқауын оқушыға «Көк текшенің көлемі қандай? Жасыл
текшенің көлемі қандай?» деп ұсыну керек. Ал «Көк текше
немесе жасыл текше үлкен бе (кішкентай ма)?» нұсқауы,
оқушыға: «Көк текше немесе жасыл текше үлкен бе? Көк
текше немесе жасыл текше кішкентай ма?» деп ұсынылады.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Тапсырманың күрделілік
деңгейінің шартты белгісі бар. Түрлі түсті дөңгелектер шартты
белгі ретінде пайдаланылған. Жасыл дөңгелек күрделіліктің
бірінші (төменгі) деңгейін білдіреді. Бұл тапсырмаларда
оқушыдан мұғалім атаған қасиет бейнеленген нысанның
суретін немесе сюжеттік суретті тану және көрсету талап
special-edu.kz. special-edu.kz.
етіледі.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін, яғни оқушының математикалық қатынасты түсінуін
және мұғалімнің айтқанын қайталай отырып терминдерді өз
сөйлеу тілінде пайдалана білуін білдіреді.
6