Page 6 - 5.4
P. 6

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           дамуының кемшіліктеріне, қолдың ұсақ қимылының, көру
           қимыл үйлесімділігінің жетілмеуіне және т.б. байланысты
           оқулық  пен  жұмыс  дәптерінің  ерекше  рөлі  мен  оларды
           пайдаланудағы  белгілі  бір  шектеуліктердің  болатынын
           түсінуге міндетті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Зерде  даму  бұзылыстары  бар  білім  алушылардың
           математикалық  түсініктерді  қалыптастыру  және  заңдар
           мен  ережелерді  меңгеру  үшін  қажетті  жинақтау  және
           дерексіздендіру  қабілеті  төмен  болады.  Ойлау  әрекеті
           деңгейінің төменділігі практикалық әрекеттен ой әрекетіне
           көшуді қиындатады. Сөйлеу тілінің реттеу атқарымы ның
           әлсіздігінен  білім  алушыға  өз  әрекетін  сөздік  нұсқауға
           то лықтай  бағындыру  қиындық  тудырады.  Сондықтан
           зерде даму бұзылыстары бар оқушыларды математикаға
           оқытудың  бастапқы  кезеңдерінде  көрнекі  құралдар-
           дың  маңызы  үлкен  болады.  Нақты  заттар  мен  арнайы
           дидактикалық материалдар мұғалім басқарып отыратын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           білім алушылардың практикалық әрекеттерінде міндетті
           түрде пайдаланылады. Сонымен бірге мұғалім білім алу-
           шылардың сақталған еліктеу қабілеттерін тірек ете оты рып
           әрекетті орындауды көрсету тәсілін кеңінен қолданады.
              Оқулық пен жұмыс дәптері мөлшерленіп, негізінде соңғы
           кезеңде  (білімді  бекіту,  дағдыларды  жетілдіру)  пайда-
           ланылады. Алдын ала заттық және сюжеттік суреттердің
           мағынасын түсіндіруге арналған арнайы жұмысты жүргізуді
           талап етіледі.
              Мұғалім  білім  алушыларды  жұмыс  дәптерімен  жұмыс
           ере желеріне және жазба жұмысты орындай білуге үйрету
           үшін арнайы жұмыс жүргізуді талап етеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Әдістемелік  құралда  мұғалімге  математика  бойынша
           оқу үдерісін жоспарлауға, сондай-ақ әрбір оқушыға қолда-
           нылатын  сараланған  тәсілді  ойлау  және  жүзеге  асыру
           үшін  негіз  болатын  оқушылардың  жетістіктерін  ағымды
           бақылауды ұйымдастыруға арналған ұсынымдар берілген.

           4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11