Page 5 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. КІРІСПЕ
Жаңартылған мазмұндағы оқу-әдістемелік кешен (ОӘК)
жеңіл зерде бұзылыстары бар оқушыларға математиканы
оқытудың Үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасына
сәйкес құрылған. ОӘК оқулық, жұмыс дәптері және осы
әдістемелік нұсқауларды қамтиды.
Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны келесі міндеттерді
шешуді қамтамасыз етеді:
1) оқушыларға тұрмыстық жағдайларда барынша дер-
бес, өз бетімен әрекет ете алатындай, шаруашылық-еңбек
special.edu.kz. special.edu.kz.
жұмыстары мен қолжетімді мамандықты игеруіне мүмкіндік
беретін математикалық білімді, қабілетті және дағдыны
қалыптастыру;
2) оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріндегі кемшілік-
терінің орнын толтыру, олардың жағымды эмоционалдық-
еріктік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
3) балалардың тілін дамыту, оны арнайы математика-
лық терминдер және сөз тіркестерімен байыту, өз жұмы-
сына түсініктеме беруге, есептерді шешу, геометриялық
құрылымдарды және басқа да сарамандық жұмыстарды
орындау туралы толық ауызша есеп беруге үйрету;
4) оқушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелік
special.edu.kz. special.edu.kz.
ойлауын, ойлау операцияларын: талдауды, салыстыруды,
жалпылауды, жіктеуді, сериациялауды дамыту;
5) оқу пәндеріне қызығушылықты, сыныптастары және
ересектермен өзара араласа алу қабілеттерін дамыту.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін басқа оқу құрал-
дарымен қатар оқулықтың да маңызы зор. Бұл ретте, мұғалім
зердесі бұзылған оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін-
дегі кемшіліктеріне, оқушылардың дербестігі мен белсен-
ділігі төмендігіне байланысты, сонымен қатар бір сыныпта
оқитын оқушылар мүмкіндіктерінің айырмашылығы өте үл-
кен болғандықтан, оқулықтың ерекше рөлін және оны пай-
далануда белгілі бір шектеулер бар екенін түсінуі тиіс. 3
special.edu.kz. special.edu.kz.