Page 8 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лемде терминологияны пайдалана алады деген сөз. Оқу-
шының мұндай әрекеті түсіну деңгейіне сәйкес келеді.
Оқушы меңгерілген білімді өзгертілген оқу ортасында не-
месе өмірлік жағдайда қолдана білетін күрделіліктің жоғары
деңгейі қызыл шеңбермен белгіленген.
Оқулықтың және жұмыс дәптерінің оқу тапсырмаларына:
сурет-сипаттама материалдар (геометриялық фигуралар-
дың суреттері, кестелер, сызбалар), сандық материалдар,
тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулықтар, сұрақ-
тар, жазуларды дәптерде жазу үлгілері кіреді. Нұсқаулар,
үлгілер, сызбалар тапсырма мазмұнының алдында орна-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ластырылады. Кейбір жағдайларда сұрақтар тапсырма
материалы баяндалғаннан кейін қойылады. Тапсырманы
орындау үлгісі түспен ерекшеленген.
Оқулықта ережелердің қысқаша, бейімделген мәтінде-
рі, ұғымдардың анықтамасы, анықтамалық материал
(шамалардың бірлі-жарым арақатынасы) бар. Мұғалім
оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, сабаққа
өзі дайындаған тапсырмалар мен жаттығуларды қосуға,
соның ішінде, жеке оқушылар үшін арнайы тапсырмаларды
дайындауға құқылы.
Оқу бағдарламасын құрудың концентрлік ұстанымын
алға тарта отырып, оқулыққа бұрын өтілген және жыл
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бойы оқытылатын материал қайталау үшін енгізілген.
Қайталау негізінде жаңа материалға көшу де жүзеге асы-
рылады.
Әрбір тақырып бақылау тапсырмаларымен аяқталады.
Бақылау тапсырмаларының мазмұнын мұғалім сынып
оқушыларының санын ескере отырып өзгертеді немесе то-
лықтыра алады.
Оқулыққа және жұмыс дәптеріне енгізілген тапсырмалар,
математика пәніне тән, оқушылардың оқу іс-әрекетінің әр-
түрлі түрлерін қолдануын көздейді: мысалдарды, есептер-
ді шешу, сандар мен шамаларды салыстыру, геометрия-
лық фигураларды құру, сызбаларды сызу. Кейбір жұмыс
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6