Page 11 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Тапсырмаларды орындау келесі қабілеттерді қажет
етеді:
1) өзінің пәндік математикалық білімдерін пайдалану –
бұл күнтізбелік кестені қолдана алу;
2) метапәндік дағдыларды меңгеру:
- еңбектенушінің жыл сайынғы еңбек демалысына құқы
бар екенімен танысу;
- оқу тапсырмасында талап етілген ақпаратты анасынан
(әкесінен) сұрастыру арқылы анықтау қабілеті.
- сөздік қорын кеңейту («еңбек демалысы», «еңбек де-
малысынан кейін жұмысқа шығу»).
special.edu.kz. special.edu.kz.
Осылайша жағдаяттық тапсырмалар білім беру міндет-
терін шешумен қоса, күнделікті тұрмыстық мәселелерді
шешуге де бағытталған. Олар оқушыларға адамның мате-
матика сабағында алған білімін қарапайым өмірде қандай
жағдайларда пайдаланатынын көрсетеді. Мұғалім мен
тәрбиеші жағдаяттық тапсырмалардың едәуір санының
авторы бола алады, ал бұл арнайы мектептің негізгі мін-
деттерінің бірі – оқушыларды отбасы мен қоғамда өз бе-
тінше, дербес өмір сүруге дайындауды жүзеге асыруға
себін тигізеді.
Жұмыс дәптері оқулықтың мазмұнын толықтырады. Он-
да оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға қажетті
special.edu.kz. special.edu.kz.
және өткен материалды ұмытпаудың алдын алуға арналған
арнайы жаттықтырушы тапсырмалар бар. Жұмыс дәптері
оқушының сабақта және үйде жеке өздік жұмысын ұйым-
дастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптерінің жаттығулары оқушының белсенді қа-
тысуын: барынша зейін қоюын, талдау-жинақтау әдісін қол-
дануын, салыстыруды, салғастыруды, қарама-қарсы қойып
салыстыруды, көз-қимыл координациясын, өзін-өзі ұстап
бақылауды талап етеді. Бұл өз кезегінде, компенсаторлық-
дамыту сипатындағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптеріндегі жаттығуларды оқушының орнына
орындамаған дұрыс. 9
special.edu.kz. special.edu.kz.