Page 12 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқушының барлық жұмысы мұғалім тарапынан төменде-
гілерді анықтау үшін талданады:
- оқушыға жеке көмек көрсету шектері;
- тоқсан мен оқу жылының соңында тақырыпты, бөлімді
оқытып-үйрету аяқталған соң оқушының жетістіктер дең-
гейін анықтау.
Мұғалім сабақта, оқушының әр тақырып аясында орын-
дайтын барлық жұмыс түрлерін, соның ішінде, бақылау
тапсырмаларын, мұқият қадағалайды және талдайды. Со-
дан кейін оқу материалының меңгеру табыстылығы туралы
пікір қалыптастырады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Тоқсан аяғында және жыл соңында, баспа негізіндегі
жұмыс дәптері, оқушы дәптерлері оқушының портфолио-
сын құрайды. Мұғалім бұл материалдарды жыл соңында
әр оқушыға педагогикалық мінездеме жазу үшін пай-
даланады.
6-СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы әдістемелік талаптар
Зердесі бұзылған мектеп оқушыларын математикаға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын жалпы әдісте-
мелік талаптар арнайы педагогика қағидаларына негіз-
делген. Осы қағидаларды орындау оқу үдерісін нақты бір
сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне бейімдеуге мүмкін-
дік береді.
Іс-әрекет тәсілі сабақтарда мұғалімнің жетекшілігімен
оқушылардың белсенді ақыл-ой және практикалық іс-
әрекеттерін ұйымдастыруды көздейді, яғни:
1) математикалық қарым-қатынастар мен ұғымдар-
дың мағынасын, мәнін ашатын практикалық әрекеттерді
орындау (өлшеу, құру). Бірақ мұны оқушы мұғалім көр-
сеткеннен кейін немесе үлгі берілгеннен кейін не болмаса
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10