Page 17 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
беріп, содан соң соны орындауы. Бұл әдіс сөйлеу деңгейі
жақсы дамыған, қажетті математикалық терминологияны
білетін және ойлау-жоспарлау функциясы дамыған
оқушының қолынан келеді. Сөйлеу мен іс-әрекет үйле-
сімінің бұл тәсілін сыныптағы оқушылардың барлығы
қолдана алмайды. Педагог оқушыларға осындай оқу
тапсырмаларын ұсынар да олардың жеке мүмкіндіктерін
ескереді.
4. Оқушылардың жаңа материалды меңгеруін жеңілдету
үшін «алға шығу» педагогикалық стратегиясына жүгіну қа-
жет. Бұл оқушыларды ең күрделі математикалық мате-
special.edu.kz. special.edu.kz.
риалды қабылдауға және меңгеруге біртіндеп дайындайды.
Мұндай дайындық мұғалім оқушыларды осы материал-
мен тікелей таныстырмастан бұрын (бір ай, екі ай, тоқсан
және одан да көп уақыт бұрын) басталады. Дайындық жұ-
мысына оқушыларға жаңа нәрсені қабылдау мен ұғынуы-
на ақырындап, байқатпай әкелетін тапсырмалар мен жат-
тығулар кіреді. Дайындық жаттығуларымен қалыптасатын
дағдылар жаңа ұғымның құрамына кіреді.
5. Оқылған материалды үнемі қайталау және бекіту
қажеттілігі зерде бұзылыстары бар балалардың алған
білімі мен дағдыларын тез ұмытып қалу сияқты ерек-
шеліктерімен түсіндіріледі. Әр математика сабағында қай-
special.edu.kz. special.edu.kz.
талауға уақыт беріледі. Педагог қандай да бір сабаққа қай-
талау ретінде қандай материалды қосу керек екенін өзі
анықтайды. Бұл таңдау сынып оқушыларының оқу мате-
риалын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты болады. Жа-
ңа тақырыптың негізгі немесе құрамдас бөлігі болып
табылатын материал міндетті түрде қайталануы тиіс.
6. Зерде бұзылыстары бар оқушылардың ойлау функ-
циясының жалпылау және абстракциялаушы функцияла-
рының жеткіліксіздігін ескере отырып жаңа оқу материа-
лын индуктивті жолмен ұсыну қажет, яғни нақты фактілерді
қарастырудан бастап оларды жалпылауға және ұғымдарды
немесе қасиеттерін қалыптастыруға дейін түсінік беру
special.edu.kz. special.edu.kz.
15