Page 19 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 19
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
лықта жеке бөлімде орналастырылған. Оқу материалын
әр тоқсан бойы бірқалыпты меңгеруді ұйымдастыру орын-
ды. Күнтізбелік жоспарға енгізілген геометриялық мате-
риалдан басқа, бұрын игерілген геометриялық ұғымдар
мен өлшеу дағдыларын үнемі қайталау қажет. Қайталау
материалы оқулық беттерінде біркелкі үлестіріліп енгі-
зілген. Ол арифметикалық материалмен кезектеседі, бұл
оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін түрлендіруге мүмкіндік
береді.
Оқу материалының мазмұнын талдау және оны оқыту
special.edu.kz. special.edu.kz.
әдістемесінің ерекшеліктері
Бағдарламаның мазмұны және жоспарлау
Алтыншы сыныптың бағдарламалық материалы мате-
матиканың дәстүрлі бөлімдеріне құрылымдалған:
1) «Нөмірлеу» бөлімі;
3) «Арифметикалық амалдар» бөлімі;
4) «Мәтіндік арифметикалық тапсырмалар» бөлімі;
5) «Шамалар» бөлімі;
6) «Көрнекі геометрия элементтері» бөлімі;
7) «Жай бөлшектер» бөлімі;
8) «Ондық бөлшектер» бөлімі.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Үлгілік оқу бағдарламасының мәтінінде 6-сыныпқа ар-
налған оқу пәнінің негізгі мазмұны және оқу мақсаттарының
жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нақты нәтижелер бе-
рілген. Оқыту мақсаты оқушының іс-әрекеті түрінде тұжы-
рымдалған.
Мақсаттар әрбір бөлімнің оқу материалын меңгеру біріз-
ділігін анықтау үшін негіз, сондай-ақ оқушылардың же-
тістіктерін бағалау критерийлері болып табылады. Мұ-
ғалім өз сыныбының құрамын ескере отырып, одан әрі
өз бетінше оқу мақсаттарын нақтылай алады, қосымша
немесе аралық оқу мақсаттарын тұжырымдай алады. 17
special.edu.kz. special.edu.kz.