Page 15 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 15
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқулықта сараланған тапсырмалар түрлі түсті шеңбер-
лермен белгіленген. Дифференциалды тәсіл жеке оқыту-
мен толықтырылады. Оқушылардың, әсіресе 3 және 4-ти-
пологиялық топтардың өзіндік оқу-танымдық жұмысы
қиынға соққанда немесе мүлде мүмкін болмаған жағдайда,
педагог оқу тапсырмасының табысты орындалуын қамта-
масыз ету үшін оқушы жұмысының кейбір жеке құрамдас
бөліктерін өзіне алады.
Сабақта оқушылардың күнделікті жұмысын мұғалім ар-
найы стратегиялар мен оқыту әдістері негізінде ұйымдас-
тырады. Олардың негізгілеріне тоқталайық.
special.edu.kz. special.edu.kz.
1. «Кішкентай қадам» әдісі жоғары сыныптарда да
өзектілігін жоғалтпайды. Жаңа материал балаларға шағын
бөліктермен беріледі. Бұл абстрактілі математикалық
ұғымдарды түсіну үшін ақыл-ой дамуының жеткіліксіз
болуына, сондай-ақ оқушылардың тез шаршап қалуына
байланысты болады. Жаңа материалдың кішкентай бөлі-
гінің өзі аяқталған түрде болуы тиіс және бұрын өтілген ма-
териалмен байланысы болуы тиіс.
2. Көрнекілік құралдарды пайдалану. Жоғары сынып-
тарда да абстрактілі математикалық ұғымдарды қалыптас-
тыру кезінде, оқылатын ұғымдардың мағынасын жақсы
түсіну үшін, оқушылардың қажетті нақты бейнелерді
special.edu.kz. special.edu.kz.
құруға көмектесетін көрнекі материалға сүйену маңызды.
6-сыныпта көрнекілік құралдарды бөлшектерді (жай және
ондық), геометриялық ұғымдарды оқу кезінде қолданы-
лады. Көрнекілік құралдарды көрсетіп қана емес, сонымен
қатар оқушыларды осы құралдарды пайдалана оты-
рып практикалық жұмысқа тарту қажет. Заттық-практикалық
жұмыс математикалық қатынастарды нақтылауға мүмкіндік
береді. Мысалы, бөлшектерді зерттеу кезінде бүтін және
бөлшек, арифметикалық амалдардың мәні, геометриялық
фигуралар элементтерінің қасиеттері. Бұл ретте оқушы-
лардың көрнекі-әрекеттік ойлауға сүйенуі орын алады, ал
бұл болса, есте әлдеқайда жақсы сақталады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
13