Page 13 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
орындау реттілігі жазбаша жазылған нұсқаудан кейін
орындайды;
2) нұсқауларға, жоспарға, нұсқамаға, үлгіге сәйкес есеп-
теу тәсілдерін, геометриялық құрылымдарды орындау
тәсілдерін, өтілген материалды бекітуге арналған жатты-
ғуларды жасау.
Бұл жұмыс түрлері практикалық және оқу жұмысының
құрылымдық құрамдас бөліктерін қалыптастыруға бағыт-
талған: тапсырманы орындау шарттарын ұғыну, жұмысты
жоспарлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, ал бұл ма-
тематика сабағында компенсаторлық-дамытушылық мін-
special.edu.kz. special.edu.kz.
деттердің шешілуіне себін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан
оқулыққа есте сақтау қабілетін, зейінді механикалық жат-
тықтыруға арналған жеке тапсырмаларды енгізуге қажет-
тілік жоқ.
Ұжымдық оқу үдерісі жағдайында, балалардың әрқай-
сысымен жеке және ерекше жұмыс істеу тәсілі түрлі
типологиялық ерекшеліктерінің болуына байланысты. Бұл
ерекшеліктері олар математиканың әртүрлі бөлімдеріндегі
оқу материалын меңгергенде көрінеді және алған білімі,
білігі және дағдыларының сапасына әсер етеді.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектеп пен
сыныпта білім беру үдерісі педагогикалық жіктеу негізінде
special.edu.kz. special.edu.kz.
ұйымдастырылады, оған 4 типологиялық топ кіреді (В. В. Во-
ронкова бойынша). Бірінші топты фронтальды оқыту кезін-
де бағдарламалық материалды неғұрлым тиімді меңгерген
оқушылар құрайды. Олар өз бетінше жұмыс істеуге қабі-
летті. Өзгертілген тапсырманы орындау кезінде аса қина-
ла қоймайды, жаңа жұмысты орындай отырып, бар тәжі-
рибесін көбінесе дұрыс қолданады.
Екінші топтың оқушылары, негізінен, мұғалімнің фрон-
тальды түсіндіруін ұғады, бірақ көрнекілік құралдарына, үл-
гіге сүйенуді, алгоритмдік нұсқауды қажет етеді, оқытыла-
тын материалды жақсы есте сақтайды, бірақ мұғалімнің
көмегінсіз қарапайым қорытындылар мен жалпылама жа-
special.edu.kz. special.edu.kz.
11