Page 9 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 9

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           түрлері, тапсырма нөмірінің алдында шартты белгілермен
           белгіленген. Оқу тапсырмаларының мұндай түрлеріне ке-
           лесілер жатады:
             -  қарындаш  пен  сызғышты  пайдалануды  талап  ететін
                тапсырмалар;
             -  сандарды немесе өрнектерді салыстыруды көздейтін
                тапсырмалар;
             -  математикалық  өрнектерді  арифметикалық  амал-
                дардың белгілерімен толықтыруды көздейтін тапсыр-
                малар;
             -  жағдаяттық тапсырмалар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Жағдаяттық  тапсырмалар  сияқты  жұмыс  түріне  кейбір
           түсініктемелер  берген  жөн.  Жағдаяттық  тапсырмаларды
           оқулыққа қосу мақсаттарының бірі – зерде  бұзылыстары
           бар  оқушыларды  математикаға  оқытудың  практикалық
           бағыттылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл – қа-
           растырылатын оқушылар санаты үшін білім беру үдерісін
           ұйымдастырудың  маңызды  ерекшелігі.  Әдетте,  жағдаяттық
           тапсырма айқын практикалық-бағытталған (кейде тіпті праг-
           матикалық) сипатқа ие. Алайда оны орындау үшін нақты
           пәндік білім – көбінесе бірнеше оқу пәндерінен білім алу
           қажет. Жағдаяттық тапсырмалар пәндік білімді практикалық-
           ба ғытталған негізде жүйелендіруге ықпал етеді, сол арқылы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқушылар іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін игере отырып,
           пәндік  білімді  пайдалана  отырып  тұлғалық  маңызды
           мәселелерді  шешеді.  Жағдаяттық  тапсырмаларды  оқыту
           жаттығулар ретінде де, бақылау тапсырмалары түрінде де
           қолдануға болады.
             Жағдаяттық  оқыту  тапсырмалары  бірқатар  оқу  міндет-
           терін шешуге көмектеседі:
             –   қоршаған табиғат пен әлеуметтік әлем құбылыстары
                туралы түсініктерді кеңейту;
             –   іс-әрекет  негізінде  тұлғалық  маңызды  мәселелерді
                шешу мақсатында пәндік білімді қолдану;
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14