Page 7 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 7

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР

             Оқулықтағы оқу материалы оны оқушыларға ұсыну логи-
           касы  тұрғысынан  құрылымдалған,  ал  оқу  тапсырмалары
           зерде бұзылыстары бар оқушыларды математикаға оқыту-
           дың арнайы әдістемесіне сәйкес жасалған.
             Олардың  танымдық  іс-әрекетінің  ерекшеліктері  еске-
           рілді:  қабылдау  белсенділігінің  әлсіздігі,  кеңістіктікке  тез
           бейімделе алмау қиындықтары, ойлау үдерістерінің баяу
           қозғалуы.
             Оқулықтың  бір  бетінде  бір  сабақтың  ғана  материалы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           қамтылмаған. Тақырып оқулықта білім мен дағдыларды қа-
           лыптастырудың  жүйелі  кезеңдеріне  (деңгейлеріне):  тану
           деңгейінен, түсіну деңгейіне және одан әрі білімді қолдану
           деңгейіне бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар серия-
           сымен  ашылады.  Мұғалім  оқушылардың  оқу-танымдық
           қызметін  басқарады  және  оларды  танудан  ұғынуға  және
           одан әрі білімді қолдану деңгейіне жеткізуге тырысады.
             Алайда,  ол  әрбір  сыныпта  дағдыны  жоғары  деңгейде
           меңгере  алмайтын  оқушылардың  бар  болатынын  түсінуі
           тиіс.  Мұндай  оқушыларға  оқу  материалымен  өздеріне
           түсінікті күрделілік деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік беру
           және  тапсырмаларды  сәтті  орындау  үшін  қажетті  көмек
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           көрсету  қажет.  Оқушылар  оқылатын  тақырып  бойынша
           оқулықтың және жұмыс дәптерінің барлық жаттығуларын
           орындауға міндетті емес.
             Мұғалім әрбір сабақ үшін тақырып шеңберінде оқу мате-
           риалын меңгеру кезеңіне (деңгейіне) және сынып оқушы-
           ларының  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келетін  тапсырмаларды
           жеке  таңдайды.  Тапсырмалардың  күрделілік  дәрежесінің
           шартты белгісі ретінде түрлі түсті шағын шеңберлер қолда-
           нылды. Жасыл шеңбер оқу материалын тануға сәйкес келе-
           тін  күрделіліктің  төмен  деңгейін  білдіреді.  Сары  шеңбер-
           мен оқу тапсырмасы күрделілігінің келесі деңгейі белгілен-
           ген,  оқушы  математикалық  қатынастарды  түсінеді,  сөй-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12