Page 10 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– оқушылар мен педагогтер, оқушылар мен олардың
отбасы мүшелері, оқушылар мен адам қызметінің түрлі
салаларында (дүкен, дәріхана, көлік) өздерінің кәсі-
би қызметтерін орындайтын ересектер арасында ком-
муникативтік дағдыларды және серіктестік қарым-
қатынасты қалыптастыру.
Жағдаяттық тапсырманың практикалық бағыттылығы
оның орындалу фактісімен қамтамасыз етіледі, ол әрдайым
оқушының оқу үдерісінің шеңберінен әлеуметтік практика
кеңістігіне шығуын көздейді. Осылайша жағдаяттық тапсыр-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
маларды орындау математиканы оқытуды өмірмен байла-
ныстыруға мүмкіндік беретін әдіс ретінде ғана емес, соны-
мен қатар оқушыларды әлеуметтендіру түрі деп де қарас-
тырылады.
Жағдаяттық тапсырмалар проблемалық есептерге
жақын және әрекет ету тәсілдерін анықтауға және түсінуге
бағытталған. Жағдаяттық тапсырманы орындау кезінде
мұғалім мен оқушылар әртүрлі мақсаттарды көздейді:
оқушыларға – әрекетті, тапсырманы орындау; мұғалімдер-
ге – оқушылардың жұмыс, әрекет ету тәсілдерін меңгеруі
үшін жағдай жасау.
Жағдаяттық тапсырмалар тек оқу орнында ғана емес, оқу-
дан тыс жерлерде де қолданылуы мүмкін. Барлық жағдай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ларда да жағдаяттық тапсырмаларды орындау метапәндік
нәтижелерге, яғни оқу пәнінің шеңберінен шығатын және
әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылатын білім беру нәтиже-
леріне қол жеткізуге бағытталған.
Оқулыққа енгізілген жағдаяттық тапсырмалардан мысал
келтірейік:
«Анаңнан (әкеңнен) оның еңбек демалысы қашан бас-
талатынын біл. Еңбек демалысы қанша күнге созылады (ең-
бек демалысының ұзақтығы). Күнтізбелік кестенің көмегімен,
анаңның (әкеңнің) еңбек демалысынан кейін қай күні жұ-
мысқа шығу керек екенін анықта».
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
8